Ақтау қаласы әкімінің аппараты Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің Ережесі

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі (әрі қарай - Бөлім) Ақтау қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады.

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын, Президенттің, Үкіметтің заңнамалық актілерін, «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін, қала әкімі аппаратының жұмыс кестесін және осы Ережені басшылыққа алады.Бөлімге қарасты қызмет көрсету орталығы бар.Бөлімнің штаттық саны қала әкімімен бекітіледі. Бөлім оның басшысы мен бас мамандарынан тұрады.Бөлім басшысы уақытша қызметте болмаған кезде оның міндеттерін бөлім басшысының ұсынуымен қала әкімінің өкімімен бөлімнің бас маманы атқарады.

Ақтау қаласы әкімінің аппараты Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің Ережесі
Дата публикации
15 апреля 2020