ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№ « » 2026 жыл
«Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің
регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,
Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қала әкімі Ә. Байпақов
КЕЛІСІЛДІ:
Б.Балиұлы _____________
А.Нұржаубай_____________
Ә. Сабырбай_____________
Р. Жукенов _____________
«___»________ 2026 ж.
№________ қаулысына
№1 Қосымша
«Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің
Регламенті
1.Жалпы ережелер
1) сол жағы – 20 мм;
2) оң жағы – 10 мм;
3) жоғарғы жағы – 10 мм;
4) төменгі жағы – 10 мм.
Екі жақты басып шығару үшін құжат парағының сыртқы жағының жиегі:
1) сол жағы – 10 мм;
2) оң жағы – 20 мм;
3) жоғарғы жағы – 10 мм;
4) төменгі жағы – 10 мм.
Электрондық форматтағы құжат осыған ұқсас жасалады.
Құжатты қағаз жеткізгіште ресімдеу кезінде құжаттың бланкілері пайдаланылады.
Қағаз жеткізгіштегі құжат бланкілері мен бланкілердің электрондық шаблоны деректемелер құрамы, олардың орналасу тәртібі, қаріп гарнитурасы бойынша бірдей.
Қазақ тіліндегі құжат және орыс немесе өзге тілде, сондай-ақ екі және одан көп тілде жасалатын теңтүпнұсқалы құжаттың әрқайсысы жеке бланкiде (жеке парақтарда) басып шығарылады және бірыңғай деректемелермен ресімделеді.
Әртүрлі тілдердегі құжаттар бір-біріне теңтүпнұсқалы ресімделеді, оларға бірыңғай шығыс деректемелері беріледі.
Қағаз жеткізгіштегі құжат парақтары (бланкілер және оларға қосымшалар) парақ ортасында жоғарғы жағында біртұтас нөмірмен нөмірленеді. Бұл ретте құжат «2» деген реттік нөмірмен 2-парақтан бастап нөмірленеді.
Құжаттың күнін құжатқа қол қоюшы немесе бекітуші лауазымды адам қояды. Электрондық құжат айналымы үшін күнді жүйемен немесе уәкілетті адамның қолдан қоюына жол беріледі.
Құжаттың күні:
1) құқықтық актілерде, хаттамаларда, банктік, қаржылық, бухгалтерлік құжаттарда және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттарда ауызша-цифрлық тәсілмен айдың күні мен жылы араб цифрларымен, айы – жазумен;
2) өзге де құжаттарда – цифрлық тәсілмен айдың күні мен айы нүктемен бөлінген екі жұп араб цифрларымен, жыл-төрт араб цифрларымен бөлініп ресімделеді.
Құжаттың резервтік тіркеу нөмірін (индексін) қалдыруға жол берілмейді.
Электрондық құжат айналымы жүйесінде тізбекті нөмірлеуге жол беріледі.
Құжатты ұйым басшысына жолдаған кезде оның атауы адресат лауазымы атауының құрамына кіреді.
Ұйым ішінде хат алмасу кезінде лауазымды адамның аты-жөні мен тегі бойынша ғана барыс септікте көрсетілуне рұқсат етіледі.
Егер құжат бірнеше ұйымға жіберілсе, олар жалпыланған түрде көрсетіледі.
Бір құжатта төрт адресаттан артық ресімделмейді. Адресаттар саны көп болған жағдайда құжатты тарату тізімі (тізілімі) жасалады. «Түпнұсқа» және «Көшірме» сөздері «Адресат» деректемесінде қолданылмайды.
Ұйым құжаттарына қол қою құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, ұйымның құрылтай құжаттарына, ұйым басшысының өкілеттіктерді беру туралы өкімдік құжаттарына немесе ұйым атынан белгілі бір әрекеттерді орындауға сенімхаттарға сәйкес айқындалады.
Электрондық құжат осы құжатқа қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Комиссия жасаған құжатта құжатқа қол қойған адамдар лауазымдарының атаулары емес, олардың комиссия құрамындағы міндеттері көрсетіледі.
Ұйымның алқалы органдарының (комиссиялардың, кеңестердің және т.б.) құжаттарына төраға мен хатшы (төрағалық етуші және жазба жүргізген адам) қол қояды. Аппараттық (жедел) кеңестердің хаттамаларына төрағалық етуші тұлға қол қояды.
Егер құжаттың жобасында қолы дайындалған лауазымды адам болмаса, онда құжат оның міндетін атқарушы тұлғаға қайта ресімделуге тиіс. Лауазым атауының алдына «үшін» деген сылтаумен немесе қиғаш сызық қойып құжатқа қол қоюға жол берілмейді.
Ішкі келісу кезінде құжаттарға міндеттерді бөлуге сәйкес орындаушы (жауапты орындаушы), бөлім басшысы, өзге де мүдделі лауазымды адамдар бұрыштама қояды.
Бұрыштама ұйымда қалатын қағаз жеткізгіштегі құжаттардың даналарына қол қоюдан төменгі бет жағында қойылады. Өкімдік құжаттардың жобаларына бірінші данада бұрыштама қойылады. Өкімдік құжаттардың жобаларына соңғы парақтың сыртқы жағына бұрыштама қоюға жол беріледі.
Бұрыштама қоюшының қолтаңбасын, күнін, қолтаңбаның толық жазылуын (аты-жөні, тегі), бұрыштама қоюшы лауазымының атауын қамтиды. Құжат жобасына ескертулер, айрықша пікірлер мен толықтырулар жеке парақта ресімделеді, бұл туралы құжат жобасында тиісті белгі қойылады.
Құжаттың жобасын электрондық форматта келісу электрондық құжат айналымы жүйесінде жүзеге асырылады.
Келісу рәсімі аяқталғаннан кейін (құжаттың түпнұсқасы қағаз жеткізгіште жасалған кезде) келісу парағы ЭҚЖ-дан басып шығарылады, құжаттың жобасына қоса беріледі және бөлім басшысына (өзге уәкілетті тұлғаға) қол қоюға ұсынылады.
Құжатты басшы немесе өзге лауазымды адам бекіткен кезде бекіту белгісі мынадай элементтерден тұрады: «Бекітемін» сөзі (тырнақшасыз), лауазымның атауы, қолтаңбасы, қолтаңбасының толық жазылуы және бекіту күні.
Құжатты тең лауазымдардағы екі және одан да көп адамдар бекіткен кезде бекіту белгісі ұйымдар атауларының әліпбилік тәртібінде бір деңгейде орналастырылады.
Құжатты қаулымен, шешіммен, бұйрықпен, хаттамамен бекіткен кезде бекіту белгісі атқарушы құжат түрінде, оның күні мен нөмірі көрсетілген «Бекітілген» («Бекітілген», «Бекітілген», «Бекітілген») сөзімен жасалады.
Жұмыс күндері сағат 17.00-ден кейін келіп түскен құжаттарды тіркеу келесі жұмыс күні бірінші кезекте жүзеге асырылады.
Хат-хабарларды тіркеусіз қабылдау және беруге тыйым салынады.
Инспекция қызметкерлеріне БҚА-да тіркелмеген құжаттарды орындауға қабылдау тыйым салынады.
Осы Регламентте белгіленген тәртіппен қабылданған құжаттар БҚА жүйесі бойынша қаралады, бақылауға қойылады және бөлім басшылығы мен оның қызметерлері арасында бөлінеді және тиісті ресімдеу және бақылау белгісін көрсету үшін тіркеу мөрінде нөмірін, күнін және парақтар санын көрсете отырып тіркеледі.
БҚА жүйесінде тіркелген және тиісті түрде ресімделген хат-хабарлар сәйкесінше мекенжайларға жіберіледі.
Мемлекеттік органдардың құжаттары (хаттары, сұрау салулары, телефонограммалары және т.б.) БҚА арқылы жіберіледі, қағаз жеткізгіште қатар көшірмелеуге жол берілмейді.
Мемлекеттік органдардан электронды жеткізгіштерде келіп түсетін құжаттар белгіленген үлгідегі елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде, қажет болғанда орыс тілінде (елтаңбалық бланкіде болуы міндетті емес) ресімделуі және келесі міндетті реквизиттері болуы тиіс:
- шығыс нөмірі және күні;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының, облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппарат басшысының және оның орынбасарларының, қала әкімінің және оның орынбасарларының және қала әкімінің аппарат басшысының тиісті актілері мен тапсырмаларына сілтеме, мемлекеттік органның сұрау салуына жауап беру кезінде – сұрау салудың нөмірі мен күні;
- ЭЦҚ қолдану арқылы бірінші басшының немесе оның орынбасарының электрондық қолтаңбасы;
- орындаушының тегі және телефон нөмірі.
Бұл ретте мемлекеттік органнан келіп түскен пайдаланушылар үшін ақпараттық жүйелерде немесе мемлекеттік органның сайттарында қолжетімді ақпараттарды беру туралы сұрау салуға жауап ұсынылмайды.
Тиісті түрде ресімделмеген құжаттар тіркеусіз қайтарылуға жатады.
Хат-хабарларды тіркеуді және құжаттардың орындалуын бақылау жұмыстары БҚА арқылы жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қаржы бөліміне келіп түскен жағдайда, жауапты тұлға Кодекстің 63-бабында көрсетілген талаптарына сәйкестігін тексереді.
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
5) лауазымын төмендету;
6) атқарып жүрген лауазымынан босату.