16.02.2022 ж. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті
Ақтау қаласы әкімдігінің фейсбук және Instagram парақшасында мемлекеттік жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету, халықты жұмыспен қамту салалары бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ОНЛАЙН жәрмеңке өтті.
Тікелей эфирде Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Г.Сұлтанова, Ақтау қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А.Елшібекқызы, Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы К.Жайық тұрғындарға жергілікті атқарушы органмен көрсетілетін мемлекеттік қызмет, электронды түрде көрсетілетін қызметтерді туралы толық ақпарат берді. https://www.instagram.com/p/CaCNutJMNWY/?utm_medium=copy_link
https://www.facebook.com/100069323885054/posts/247015840952544/?d=n
________