Ақтау қаласы
әкімдігінің жанындағы
құқық бұзушылық
профилактикасы жөніндегі
ведомствоаралық комиссиясы
бойынша ақпарат
"Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" Заңының 18-бабына сәйкес Ақтау қаласы әкімдігінің жанынан «Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия» құрылды.
2021 жылға арналған комиссияның тиісті жоспары әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік, құқық қорғау органдарының басшыларынан, сондай-ақ азаматтық құрылымдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын дербес құрамы бекітілді.
Тоқсан сайын Ақтау қаласының әкімдігімен комиссия отырыстары өткізіліп, өткен жылдың кезеңінде 4 кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың басында комиссия отырысында құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, оның ішінде "COVID-19" пандемиясына байланысты карантин талаптарын сақтамауына, кәмелетке толмағандар арасындағы бұзушылықтардың алдын алуға қатысты мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, комиссия отырыстарында халық арасында рухани және отбасылық құндылықтарды танымал ету мақсатында өткізілетін іс-шаралар талқыланды, онда уәкілетті органдар мен ұйымдарға жүргізіліп жатқан шараларды күшейту туралы тиісті ұсынымдар берілді.
Халықты бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға тарту мәселелері де назардан тыс қалмайды, оларды дамытуы басым міндеттердің бірі болып табылады, қазіргі уақытта қала аумағында жалпы саны 72 285 азамат баратын 362 спорт объектілері жұмыс істейді.
Азаматтардың бұқаралық спорт түрлеріне қатысуы, біздің ойымызша, денсаулықты сақтауға және қылмыстың азаюына ықпал етеді.
Жалпы, бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда, құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты барлық мәселелерді комиссияда қаралуда.
Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
комиссиясы бойынша
ақпарат
"Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" Заңына сәйкес Ақтау қаласы әкімдігінің жанынан «Қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі арнайы комиссиясы» құрылды.
2021 жылға арналған комиссияның тиісті жоспары әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік, құқық қорғау органдарының басшыларынан тұратын дербес құрамы бекітілді.
Тоқсан сайын Ақтау қаласының әкімдігімен комиссия отырыстары өткізіліп, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 4 кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың басында комиссия отырыстарында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланып, қала әкімдігі қызметкелерімен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің талаптырын үнемі сақтануына тиісті тапсырма берілді.
Сондай-ақ, комиссия отырыстарында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені насихаттау мақсытанда өткізілетін іс-шаралар талқыланып, онда уәкілетті органдармен жүргізіліп жатқан шараларды күшейту туралы тиісті ұсынымдар берілді.
Жалпы, бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда, сыбайлас жемқорлықтын алдын алуға қатысты барлық мәселелер комиссия отырыстарында қаралуда.