Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жүргізілген ТАЛДАУ

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жүргізілген

ТАЛДАУ

 

Ақтау қаласы                                                     2021 жыл желтоқсан айы

 

Ақтау қаласы әкімдігіне 2021 жылдың 12 айында: 6718 (жеке тұлғалардан  5131, заңды тұлғалардан 1587)  өтініштері келіп түсті.

Жеке тұлғалардан келіп түскен 5131 өтініштің: түсіндірілгені – 2630, ауыртпалық салатын әкімшілік акті қабылданғандар – 568, мәлімет үшін назарға алынғандар – 35, тоқтатылғандар – 205, өзге мемлекеттік органдар мен төменгі тұрған мемлекеттік органдарға жолданғандар – 1693.

Заңды тұлғалардан келіп түскен 1587 өтініштің: түсіндірілгені – 785, ауыртпалық салатын әкімшілік акті қабылданғандар – 169, мәлімет үшін назарға алынғандар – 10, тоқтатылғандар – 61, өзге мемлекеттік органдар мен төменгі тұрған мемлекеттік органдарға жолданғандар – 562.

Қаралуда – 258.

Ақтау қаласының әкімі мен әкім орынбасарлары бекiтілген қабылдау кестесi бойынша жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау жүргiзеді. 2021 жылдың 12 айында қала әкімі 154қала әкімі орынбасарлары 476 азаматтарды қабылдады.

Қала тұрғындардың көп бөлігі жеке қабылдауға тұрғын үй беру өтініштерімен келеді. Сонымен қатар, әлеуметік көмек көрсету, кезегі бойынша тұрғын үйге жер учаскесін беру, үлестік тұрғын үй  және жұмысқа орналастыру мәселелерімен де жүгінеді. 

 

Ақтау қаласы әкімі аппаратының

құжаттамалық қамтамасыз ету

және бақылау бөлімі

 

 

Дата публикации
16 февраля 2022