Объявление акимата города Актау о проведении внутреннего конкурса на занятие вакантной административной государственной должности корпуса» Б"

 

«Б» корпусының  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақтау қаласы әкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы

 

 

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

 

Е-3 санаты үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық,жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану,адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау,көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы;

6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі

бес жылдан кем емес;

7) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

        

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

Е-3

min

max

226 837

260 564

 

 

 

 

 

Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130000, Ақтау қ., 4 шағын аудан, № 72 ғимарат, 3-қабат, 315 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (7292) 33-65-13, тел/факс: 33-65-12, e-mail: nu.ibragimova@mangystau.gov.kz  «Б» корпусының  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс  жариялайды:

 

1. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің терроризмге қарсы іс-қимыл, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс жөніндегі бас инспектор, Е-3 санаты, 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері:Терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу; Ақтау қаласындағы терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалға әсер ететін саяси, әлеуметтік - экономикалық, діни және өзге де процестерге мониторинг жасау, бағалау мен болжау; Ақтау қаласындағы террористік тұрғыдан осал обьектілердің тізбесін әзірлеу, бекіту, өзгерту мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар  дайындау; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету; жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмыстарына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық өткізетін оқуларына  қатысу; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету; терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;  Ақтау қаласының аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен  жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіру; терроризмнің профилактикасы, терроризм керіністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, террористік тұрғыдан осал обьектілердің қорғалуын қамтамасыз ету, терроризм зардаптарын барынша азайту (немесе) жою жөніндегі шаралар әзірлеу, осы шараларды іске асыруға бақылауды жүзеге асыру; терроризм профилактикасы саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеу мен үйлесімді жүзеге асыруды ынтымақтасты жүзеге асыру; әскери міндеттілердің тізімін жасақтайды және оларды брондауға қажетті материалдырды дайындайды; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына қатысты бірыңғай талаптарды сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Білім (бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт), құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), әлеуметтік  ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, аймақтану), гуманитарлық  ғылымдар  (дінтану, теология).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

            Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әрбiр кандидатпен әңгімелесу, эссе жазу, сондай-ақ іріктеудің басқа құралдарын өткізу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның  жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      «Б» корпусының мемлекеттік

                           әкімшілік лауазымына

                                  орналасуға конкурс өткізу

                  қағидаларының

               2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

      __________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

email: ______________________

ЖСН: ______________________

 

_________                                       ___________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

  «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

                                                                                                         

 

Дата публикации
15 февраля 2022