Ақтау қаласы город Актау
Ақтау қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 «Ақтау қаласы аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі
үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу
туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын анықтау туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақтау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Ақтау қаласының әкімі |
|
Н. Қилыбай |
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақтау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 20.01.2022
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 26576 болып енгізілді