Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Ақтау қаласы әкімдігінің ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыруы
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
Е-R-3 санаты үшін:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің бар болуы;
6) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі
бес жылдан кем емес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
Е-R-3 |
min |
max |
|
263 131 |
302 255 |
|
Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130000, Ақтау қ., 4 шағын аудан, № 72 ғимарат, 3-қабат, 315 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (7292) 33-65-13, тел/факс: 33-65-13, e-mail: nu.ibragimova@mangystau.gov.kz«Б»корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс
жариялайды:
1. «Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік, инвестиция, өнеркәсіп және сауданы дамыту секторының меңгерушісі, Е-R-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері:Әкімшілік пен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігі және шаруашылық субъектілері арасындағы өзара қатынастарды дамытуға бағытталған шараларды жасақтау; nұтыну базарындағы бағаның өсуіне жедел әсер ету штабының өткізілген барлық іс-шараларына қатысу; кәсіпкерлікті қолдауда және басқа да сферада жұмыс жасайтын заңнамаларда қарастырылған әр түрлі шараларды ұйымдастыру; қала әкімін базарлар және шаруашылық субъектілері саласындағы қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері жөніндегі оперативті мағлұматтармен қамсыздандыру; кәсіпкерлік саласының жағдайы және даму бағыты бойынша есеп дайындайды; экономиканың, оның ішінде өнеркәсіп секторының басым салаларын айқындау жөніндегі ұсыныстар енгізу; қала экономикасына инвестиция тартудың ағымдағы жай күйін талдау; әлеуетті инвесторлар үшін инвестицияны қажет ететін жобаларды анықтау; атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараттық материалдар дайындау және жүзеге асыру. Қала аумағында өткізілетін мерекелік жәрмеңкелердің, атаулы мерекелердің өткізілуіне ат салысу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, бақылау және талдау, азаматтарға арыз жазуға не себепші болғанын анықтау, кемшіліктерді жоюға шара қабылдау үшін талдаудың қорытындысы туралы басшыларға хабарлау. Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша аумақтық бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру. Кәсіпкерлік саласының жағдайы және даму бағыты бойынша есеп дайындау, инвесторларды, кәсіпкерлерді сүйемелдеу; атқарылған іс-шаралар, инвестициялық жобалар, қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша слайд дайындау. Қаланың ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысына, санына, құрылымдарына және өндірістік-қаржы жетістіктері мен көрсеткіштеріне талдау жасау. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында инфрақұрылымды дамыту үшін жүргізілетін іс-шараларды ұйымдастырады және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру үшін бизнестік жобаларды жүзеге асырады. Қаланың даму бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында, шет ел әріптестерімен қарым – қатынастарды дамыту, экономиканың нақты секторына және әлеуметтік салаға инвестиция тарту жұмыстарын ұйымдастыру. Қала аумағында белгіленбеген орындарда сауда жасаған тұлғаларға орын алған кемшіліктер бойынша ескерту және түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Қаладағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту сұрақтары бойынша дөңгелек үстел, семинарлар, конкурс, форумдар ұйымдастыру; базарлар мен супермаркеттердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру, заңдылығына мониторинг жүргізу, тиісті ақпарат дайындау; қала аумағында заңсыз саудаларға мооиторинг жасау, есеп дайындау; кәсіпкерлерге уақытша сауда саттықпен айналысуға рұқсат беру жұмыстарын ұйымдастыру; кәсіпкерлік, инвестиция, өнеркәсіп, сауда саласы бойынша статистикалық есептердің тапсырылуын қамтамасыз ету; әкімшілік пен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігі және шаруашылық субъектілері арасындағы өзара қатынастарды дамытуға бағытталған шараларды жасақтау. Балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектер мен халықтың күн көрісі төмен топтарының арасында экскурсиялық жұмысты ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізуге байланысты жұмыстар атқару. ЭАҚБЖ бағдарламасы арқылы келіп түскен хаттардың орындалысын (исполнение) жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, аймақтану, қаржы, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, жобаны басқару). Құқық (құқықтану, халықаралық құқық). Техникалық ғылымдар және технологиялар (жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы, мұнай газ ісі, электроэнергетика, стандарттау, сертификаттау және метрология). Гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әрбiр кандидатпен әңгімелесу, эссе жазу, сондай-ақ іріктеудің басқа құралдарын өткізу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________
______________________
______________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
email: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.