Ақтау қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2021 жылдың есебі

Ақтау қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша

2021 жылдың  есебі

 

         ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 25.11.2021 жылғы № 407/НҚ (қолданысқа 30.11.2021 жылы енгізілді) қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкесАқтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 62.

         2021 жылы қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігі, Ақтау қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы РММ және 9 мемлекеттік мекеме арқылы 56 (ЖАО-15, ХҚКО-25, Эл-53) мемлекеттік қызмет түрінен-92010 қызмет көрсетілді.

         Оның ішінде Мемлекеттік орган арқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны–430, «электрондық  үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорацияарқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені –2098, ХҚКО арқылы-31903,  электрондық портал арқылы – 57579.

 

         Бас тартылғандар саны – 8487, оның ішінде электрондық түрінде – 6331, қағаз түрінде - 2156.

         Ақтау қаласының әкімдігіне  қарасты Өмірзақ ауылының әкімдігімен 4 қызмет түрі көрсетіледі. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну - 239, Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-93, Жер учаскесін алу үшін кезекке қою-1, Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу-4.

 

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша           2021 жылы өткізілген іс-шаралар

 

         Ақтау қаласы әкімінің 21.12.2020 жылғы № 47-ө «2021 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына» сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының саны – 8.

         Ішкі бақылау жұмыстары барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 965 кемшіліктер анықталды:

Бақылау шараларының нәтижелері бойынша берілген ұсынымдар саны – 49.

 

 

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2021 жылы                      өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы

 

         Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2021 жылы 89 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -1607) өткізілді (кеңестер, дөңгелек үстелдер, ашық есік күні, БАҚ-на жарияланған  басылымдар, сұхбаттар және т.б).

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны - 18.

 

         Қазіргі таңда қала аумағында 41 (білім беру ұйымдарында-25, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығында-1, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10 және «Абай» МДК-1, Өмірзақ ауылы әкімдігінде-1, Қалалық орталық кітапхана-1,    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ғимараты-1, «Неке қию сарайы» ғимараты-1) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр.

 

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет www.gov.kz  сайтында көрсетілген.

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
20 января 2022