ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті Ақтау қаласының және Өмірзақ ауылының тұрғындары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2022 жылдың 26 қаңтар - 10 ақпан аралығында Ақтау қаласы әкімінің және Өмірзақ селосы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулері өткізіледі.
Сіздер барлық сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды және ескертпелеріңізді aktau.gov.kz сайтына, infoaktau@mangystau.gov.kz электрондық поштасына, қала әкімінің блогына сондай-ақ төмендегі көрсетілген орындарға орнатылған арнайы жәшіктерге салу арқылы жолдай аласыздар.
Ақтау қаласы әкімінің және Өмірзақ селосы әкімінің халық алдында есеп беру кездесулерінің кестесі төменде көрсетілген сілтемеде: https://beta.egov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/documents/details/248121?lang=ru
Ақтау қаласы әкімінің аппараты