ЖОБА
Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 1293
«Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындарын және маршруттарын
айқындау және бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ақтау қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»;
2) көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
3) көрсетілген қаулының 2,4,6 тармақтары алынып тасталсын.
Қала әкімі Н. Қилыбай