Барлық деңгейдегі әкімдердің 2021 жылы есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

IV тоқсаны бойынша жағдай

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2021 жылы есеп беру

кездесулерінің қорытындысы бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Іс - шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Орындауға жауапты

Ескертпелер

Ақтау қаласы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен

ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

 

1.                  

Өмірзақ ауылына қатынайтын №4, №4М маршруттарына автобустардың санын көбейту мәселесі

2021 жыл

I тоқсан

Н.Аққұлов

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Н.Қилыбай

Өмірзақ ауылын қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында №4 және №4М маршруттарында бір-бір автобустан қызмет атқарады. Аталған қоғамдық көліктер Өмірзақ ауылы халқының қажеттіліктеріне қарай 2 бағытта (№4 маршрут «Модульдік стацонар» арқылы және №4М Приморский тұрғын үй массиві арқылы) толық қамтамасыз етіліп отыр. Қоғамдық көліктер қарама-қарсы бағытта әрбір 40 минут сайын тұрақты түрде жүруде.

2.                  

Өмірзақ ауылының «Рауан» тұрғын массивін толық ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі

2021 жыл

III тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

«Рауан елді мекенін су және электр желісімен қамту» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме «Ернур Строй» ЖШС-гі. Қазіргі таңда, аталған инженерлік желілерді пайдаланушы мекеме «Ақтау тұрғын-үй» МКК теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде.

3.                  

Өмірзақ ауылы тұрғындарына балалар ойын алаңдарын салу мәселесі

2021 жыл

II тоқсан

Н.Қилыбай

2021 жылы Өмірзақ ауылына 2 ойын алаңын салу жоспарланған.

Демеуші есебінен Өмірзақ ауылына                1 балалар ойын алаңы салынды.

Сонымен қатар, Рауан т/м «Халық басқаратын бюджет» бағдарламасымен 1 балалар ойын алаңы және 1 спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді.

4.                  

Өмірзақ ауылының «Рауан» тұрғын массивіне автожол құрылысын бастау

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Н.Қилыбай

Жоба құны 425 679  мың. теңге (авторлық, техникалық қадағалаушыны қоса есептегенде).

2019 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 29 451 мың теңге және 2020 жылы 69 448 мың теңге бөлініп толық игерілді.

Құрылыс жұмыстарын жалғастыру мақсатында ағымдағы жылы «Ауыл Ел Бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 176 781 мың теңге бөлініп толық игерілді. (игерілген қаражат сомасы авторлық және техникалық қадағалаушының қызметімен қоса есептегенде)

Өмірзақ ауылы «Рауан» тұрғын массивінің 12,5 шақырым автожол құрылысы басталды. Бүгінгі күнге дейін бөлінген қаражатқа автомобиль жолының 2 бағыттағы үлкен көшелерімен (4 шақырым) ішкі барлық 31 көшесіне алғашқы қабаты (основание) дайындалып, оның 4 көшесіне (1 шақырым) асфальт жабындысы төселді. (бүгінгі күнге дейін 275 679 мың теңге игерілді)

Аталған автомобиль жолының құрылысын толық аяқтап, қолданысқа беру қаржының бөлінуіне орай 2022 жылдың аяғына жоспарланған. (Қалған қаражат сомасы 150 000 мың теңге).

5.                  

33 ш/а Аққу-3 (пәтерлер саны 670) көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылысын толық аяқтау

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

«Аққу-3» тұрғын-үй кешенінің №2 және №3 тағасының құрылысы аяқталып 443 пәтер тапсырылды. Қазіргі таңда, қалған 227 пәтердің құрылысы салынуда (№1 тағасы). Нысан толықтай 2022 жылдың III тоқсанына тапсыру жоспарлануда. Құрылысын аяқтауға қажетті қаражат 452 134,4 мың теңге.

6.                  

18 ш/а төрт тұрғын үй (пәтерлер саны 180) құрылысын толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

18 ш/а 180 пәтерлі төрт тұрғын-үйдің құрылысы аяқталып, тапсырылды.

7.                  

Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында 34 ш/а 900 орындық, Шығыс-1 шағынауданынан 300 орындық мектептердің құрылысын толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

34 ш/а 900 орындық және Шығыс-1 ш/а 300 орындық мектептердің құрылысы аяқталып, тапсырылды.

8.                  

17 және 18 ш/а су, канализация, жылу желілері және абаттандыру нысанының құрылыстарын толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

17 ш/а және 18 ш/а ішкі инженерлік желілердің (су, канализация, жылу құбыры, автокөлік жолы, жаяу жүргіншілер жолы және абаттандыру) құрылыс жұмыстары аяқталды (пайдаланушы мекеме теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде).

9.                  

16 ш/а газбен жабдықтау нысанының құрылысын бастау

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

Қазіргі таңда, 16 шағынауданның сыртқы газ желісінің құрылысы аяқталып, іске қосылды.

Сонымен қатар, 30.11.2021 жылы қала әкімі Н. Қилыбайдың төрағалымен  16 ш/а №№42,43,43/1,43/3 үйлерін газбен қамтамасыз ету бойынша жиналыс өткізілді. Жиынға басқарушы компания «NSE-Group» ЖШС, 16 ш/а ТҮК белсенділері қатысты. Қала әкімі тұрғын үйлер магистральді газ желісінен қосылу үшін «ҚазТрансГаз Ақмақ» АҚ МӨФ-нан техникалық шартты жаңартып, тұрғын үйлерге газ желісін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақтау тапсырылды. Басқарушы компания жасақталған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын мамандандырылған мекеме арқылы жүргізу, оған шыққан шығынды пәтер иелеріне бөліп төлету жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылды. Сонымен қатар, газды қосу жұмыстарына шыққан шығындарын тұрғындар ҚР Азаматттық Кодексінің 9-бабына сәйкес сотқа жүгіну арқылы пәтерді сатқан мердігер компаниясынан өндіру құқықтары бар екені түсіндірілді.

10.              

Ақтау қаласын көгалдандыру мәселесі

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Қилыбай

2021 жылы жергілікті бюджеттен қаланың көгалдандыру жұмыстарына 890 млн.теңге қарастырылған. Мердігерлері - «Ақтау тұрғын үй» МКК,  «Ақбота» МКК мекемесі және «Соқырлардың Қазақ Қоғамының Ақтау оқу-өндіріс кәсіпорны» ЖШС.

Сондай-ақ, қала аумағына көктемгі сенбілік кезінде жаңадан 110 000 дана көшеттер, 1 700 данадан астам ағаш, 600 дана раушан гүлдер және 70 000 дана бір жылдық гүлдер отырғызылды.

Қалада күнделікті 40 дана суару техникалары (водовоз) жұмыс жасап, рейсіне 306 м3, тәулігіне 4 рейстен су жасыл желектерге құйылып, 140 жұмысшы жұмылдырылды.

Ағымдағы жылы Ақтау әуежайы жолындағы Гелиос жанар-жағар май  стансасынан бұрынғы ГАИ бекетіне дейінгі 7 шақырым аралықта суару құбыры жүргізіліп, жасыл желектер суарылды.

Қала аумағындағы барлығы 65 шақырым су құбырының,  жоспар бойынша 30 шақырымы жөндеуден өтуі тиіс болатын. Қазіргі таңда 48 шақырымы жөндеуден толықтай өтті, яғни жоспар артығымен орындалды.

Суару маусымы ағымдағы жылдың            01 қазанында аяқталды.

11.              

Қала бойынша жарықтандыру мәселесі

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

Қала аумағының орталық көшелеріндегі жарық бағаналарындағы шамдардың           2000 данасы жарық диодтық шамдарға ауыстырылды, толықтай аяқталды. (Барлық ауыстырылуға тиіс жарық диодтық шамдар – 2000 дана)

12.              

Тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың автожолдарындағы жаяу жүргінші өтпелерін жарықтандыру мәселесі

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

Ағымдағы жылы қала бойынша 137 жаяу жүргінші жолдарына 199 дана жарық бағаналары  орнатылды (1, 2, 3, 3а, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 19а, 25, 26, 27, 28, 28а, 29, 29а, 30, 31, 31а, 31б, 32а, 34, 34а, 35  шағынаудандарының асфальтты орталық жолдарына).

13.              

Қала бойынша балалар ойын алаңдарын және спорт алаңын салу мәселесі

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Қилыбай

2021 жылы қала аумағында 69 балалар ойын алаңы орнатылды. Оның ішінде 6 жергілікті бюджет есебінен орнатылса, 63 NCOC компаниясының қаражаты есебінен орнатылды.

Сонымен қатар, 26 ойын алаңына демеушілер тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Одан бөлек, 26 спорт алаңдары салынды (2 жергілікті бюджет есебінен, 24 данасы NCOC компаниясының қаражаты есебінен).

14.              

Тобанияз Алниязұлының және Қашаған Күржіманұлының ескерткіштеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Қилыбай

«Тобанияз Алниязұлы» ескерткішін жаңарту жұмыстары бойынша ЖК «Байгазиев Кошер» 59 014 743 теңгеге келісім-шарт жасақталып, ескерткіші дайындалды. Аумағын абаттандыру жұмыстарына мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс өткізілді. Конкурс жеңімпазы болып «Компания Строй Инвест - 2020» ЖШС анықталып, 70 млн. теңгеге келісім-шарт жасақталды. Жұмыстар толықтай аяқталып, ескерткіші орнатылды.

Сондай-ақ, «Қашаған Күржіманұлы» ескерткішіне демеушілік есебінен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

15.              

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту мәселесі

2021 жыл

II тоқсан

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

Кондоминиум нысанын басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту жөніндегі  нормативтік құқықтық акт қабылдау мақсатында, көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалану мерзімі мен сипатына қарай кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарналарды айқындауға арналған коэффициенттерді анықтауға, ағымдағы жылдың 25 мамырында №11 мемлекеттік сатып алу туралы шарттың негізінде «ASI SERVICE» жеке кәсіпкерімен «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ-сі келісім шартқа отырып, Ақтау қаласы бойынша кондоминиум обьектісінің  ортақ мүлкін күтіп–ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерінің есебін» дайындалып, Ақтау қалалық мәслихатының шешім жобасы сараптамалық қорытындыға жіберілген болатын.  Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасынан ескертпелер мен ұсыныстары бойынша шешім жобасына өзгерістер енгізіліп кері сараптама қорытындысының оң қорытындысы алынды. 16.11.2021 жылы Әділет министрлігіне келісуге жіберілген болатын. 07.12.2021 жылы ескертулермен қайта пысықтау үшін жолданған. Құжаттар қайта қаралып 09.12.2021 жылы кері келісім алуға   жолданды.

 

 

 

 

Дата публикации
15 декабря 2021