ХАБАРЛАНДЫРУ

                                                      ХАБАРЛАНДЫРУ

 

         «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарлама аясында, ЖАО осы санатты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген тәртіппен бастапқы және қайталама нарықтарда белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сәйкес келетін ауданы 60 шаршы метр және одан көп жалға берілетін тұрғын үй сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Көп балалы отбасылардың келісімімен ауданы 60 шаршы метрден кем тұрғын үй сатып алуға жол беріледі.

         Ақтау қаласының әкімдігінің жанындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу тізімінің кезегінде 23.05.2003 жылдан - 01.01.2015 жылға дейін тіркеліп тұрған көп балалы отбасыларға тұрғын үй бөлу жоспарлануда.

         Осыған байланысты, көп балалы отбасылар 4 шағын аудан, Ақтау қаласының ғимараты, 1 қабат, қызмет көрсету орталығына төмендегі аталған құжаттарды жинап тапсыруы қажет:

1) тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына тұрғын үй комиссиясы белгілейтін нысан бойынша өтініш;

          2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің не паспорттарының көшірмелерін;

          3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (болған жағдайда) куәліктің көшірмесін;

          4) меншік құқығында оларға тиесілі тұрғынжайдың (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе жоқтығы туралы мәліметтерді, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтерді тұрғын үй комиссиясы ақпараттық жүйелер арқылы алады;

          5) басқа адамдар өтініш берушінің отбасының мүшесі деп танылған жағдайда өтініш берушіге оларды отбасының мүшесі деп тану туралы соттың шешімін ұсынады;

          6) өтiнiш берушiнiң (отбасының) азаматтардың осал тобына жататынын растайтын әлеуметтiк қорғау органының анықтамасын (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде);

         7) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесінің соңғы алты ай ішінде табысы туралы қосымша мәлімет (коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде) тапсырады.

 

Құжат қабылдау сағат 09.00-18.30 аралығында жүргізіледі. Түскі үзіліс сағат 12.30-14.00 аралығы.

Құжат қабылдаудың басталуы – 2021 жылдың «07» желтоқсан сағат 09.00. 

Құжат қабылдаудың аяқталуы – 2021 жылдың «24» желтоқсан сағат 18.30.

           «Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

Дата публикации
15 декабря 2021