ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№ _______ «___» ____ 2021 ж.
ЖОБА
Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті
беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын
үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы
немесе күрделі жөндеу жөніндегі
іс-шараларды ұйымдастыру және
жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Лауазымы Аты-жөні
|
|
|
|
Ақтау қаласының әкімдігінің қаулысына
№ ______
"____" ___ 2021 жылғы
1 қосымшасы
ЖОБА
Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1) бірыңғай сәулеттік стиль - құрылыста пайдаланылатын, аумақтың белгілі бір құрылыс ауданына тән бірыңғай белгілердің жиынтығы. Сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түстік шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары негізгі параметрлер болып табылады.
2) кондоминиум объектісі – жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан және жеке (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу – мерзімінен бұрын тозуын болғызбау және ақауларын жою мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген құрама бөліктері мен инженерлік жабдықтарын ауыстыру немесе қалпына келтіру жөніндегі уақтылы техникалық іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
6) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көппәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;
7) көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы (бұдан әрі – кондоминиум) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;
8) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;
9) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және дауыс беру арқылы қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;
10) шатыр - ғимаратты атмосфералық жауын-шашынның енуінен сақтайтын, су өткізбейтін қабаттан және негізден (торлардан, тұтас төсемеден, кермеден) тұратын, көтергіш конструкцияларға немесе жылытқышқа (шатырсыз шатырларда) салынатын жабынның жоғарғы элементі.
көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттеріне және (немесе) шатырларына ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізу қажеттілігі туралы қала тұрғындарының өтініштерін, шағымдарын және өтініш хаттарын талдау;
талдау нәтижелері негізінде көппәтерлі тұрғын үйлердің техникалық жай-күйін тексеру;
1) көп пәтерлі тұрғын үйлердің пәтер мен тұрғын емес үй-жайларының (олар болған кезде) меншік иелеріне таныстыру үшін күнтізбелік үш күн ішінде сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі тарапынан бекітілген қаланың немесе оның бір бөлігінің бірыңғай сәулеттік келбетінің жобасын ресми интернет-ресурстарында жариялауды қамтамасыз етеді.
2) кемінде күнтізбелік он күн бұрын ресми интернет - ресурстар арқылы көп пәтерлі,тұрғын үйлердің пәтерлері және тұрғын емес үй-жайларының (олар болған кезде) меншік иелерін сыртқы келбеті, сәулеттік стилі, түс шешімі және әрлеу материалдары бөлігінде жоспарланған жұмыстар туралы, оларды пайдалану және жөндеу кезінде қолдану белгіленген, сондай ақ жөндеуді жүзеге асырудың нақты мерзімдері туралы ақпарат жүргізеді;
3) күнтізбелік отыз күн ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттеріне және (немесе) шатырларына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы пәтер мен тұрғын емес үй-жайларының (олар болған кезде) меншік иелерінің келісім беруі немесе келіспеуі туралы шешімін қабылдай отырып, пәтер және тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жиналысын ұйымдастырады. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иесін жиналыстың өткізілетін күні туралы кемінде күнтізбелік он күн бұрын жеке-дара, сондай-ақ электрондық пошта немесе ұялы байланыс арқылы және жалпыға қолжетімді орындарда хабарландыру орналастыру жолымен хабардар етеді.
Егер жиналыс кворумның болмауына байланысты келу тәртібімен өткізілмесе, жиналыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-2 бабының талаптарына сәйкес жазбаша сауалнама жүргізу арқылы өткізіледі.
Жиналыс көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайларының (олар болған кезде) меншік иелерінің, әкіммен, тұрғын үй инспекциясы мен атқарушы органның тиісті құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің, мамандардың және қалаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге мүдделі өзге де тұлғалардың қатысуымен өткізіледі.
Үйдің техникалық жағдайын тексеру табиғи тозу дәрежесін белгілеу мақсатында орындалады.
АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «АҚТАУ ҚАЛАСЫНА БІРЫҢҒАЙ СӘУЛЕТТІК КЕЛБЕТТІ БЕРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН, КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТТЕРІН, ШАТЫРЛАРЫН АҒЫМДАҒЫ НЕМЕСЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАУЛЫ ЖОБАСЫНА ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына сәйкес Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабы 2 тармығы 11 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Ақтау қаласының әкімдігі «Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасын әзірледі.
Қаулы жобасы Ақтау қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажет.
«Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ