Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
қазан айында өткізілген шаралар жөнінде ақпарат
Ақтау қаласының әкімдігі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында қазан айында 7 шара өткізілді:
Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты 13.10.2021 ж. мемлекеттік қызметтердің көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерге (Инстаграм және Фейсбук) ақпараттар жариялады.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=592389768620846&id=100035494843028&sfnsn=mo;
https://www.instagram.com/tv/CU-EM-2ogNg/?utm_medium=share_sheet
Ағымдағы жылдың 05 және 19 қазан күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес Ақтау қаласы әкімінің фейсбук парақшасында тікелей эфир арқылы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары, мәдениет және спорт, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім, экономика, кәсіпкерлік салалары бойынша онлайн жәрмеңке өткізілді.
Тікелей эфирде мамандар мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпараттар беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-48.
https://m.facebook.com/AktauPress/videos/599206871427552/
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=514096406495287&id=384545331745321
Ақтау қалалық қорғаныс істері басқармасының басшысы мен маманы 21.10.2021 ж. мемлекеттік қызметтердің көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желіде (Инстаграм) тікелей эфир өткізді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-51, қаралым-9788.
https://www.instagram.com/tv/CVSUDelpSSD/?utm_medium=copy_link
Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 29.10.2021 ж. мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібін түсіндіру бойынша «Ашық есік» күнін өткізді (28 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді) және 07.10.2021 ж. бөлімнің маманы әлеуметтік желіде (Инстаграм) тікелей эфир арқылы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Тікелей эфир кезінде қамтылған адам саны-39, қаралым-103.
https://www.instagram.com/tv/CUuaywzI6FW/?utm_medium=share_sheet