Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг в городе Актау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

 

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

ҚАУЛЫ

 

 

№ _______                                                                                                                                                                                  «____» ____  2021 ж.  

 

ЖОБА

 

Ақтау қаласына коммуналдық

көрсетілетін қызметтерді

ұсынудың қағидаларын бекіту туралы

 

 

 Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының                                                      әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Ақтау қаласына коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекітілсін.
  2. «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (басшысы Н. Кучербаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Е. Ізбергеновке жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

         Лауазымы                                                                                                                                                                                 Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «АҚТАУ ҚАЛАСЫНА КОММУНАЛДЫҚ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАУЛЫ ЖОБАСЫНА ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

 

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 16-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес «Ақтау қаласына коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекіту туралы» қаулы жобасы әзірленді.

Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 2-тармағы 16-тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мен ақы төлеу тәртібін белгілейді.

Қаулы жобасы Ақтау қаласына коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту үшін қажет.

 

 

«Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 ноября 2021