Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

ЖОБА

 

 

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа

бөлу коэффициентін бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Абдыкадировке жүктелсін.
  4. Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ақтау қаласының әкімі                          Н. Қилыбай

Дата публикации
04 ноября 2021