Ақтау қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2021 жылдың І жартыжылдығы бойынша есебі

Ақтау қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша

2021 жылдың І жартыжылдығы бойынша есебі

 

         ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 15.04.2021 жылғы№ 129/НҚ(қолданысқа 19.04.2021 жылы енгізілді) қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкесАқтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 61.

         2021 жылдың І жартыжылдығында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігімен және 9 мемлекеттік мекемелермен 50 мемлекеттік қызмет түрінен-44854 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде Мемлекеттік органарқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны–1197, «электрондық  үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорацияарқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені –5239, ХҚКО арқылы-15907,  электрондық портал арқылы -22511қызмет көрсетілді.

         Бас тартылғандар саны – 4106, оның ішінде электрондық түрінде – 2215, қағаз түрінде - 1891.

         Ақтау қаласының әкімдігіне  қарасты  Өмірзақ ауылы әкімінің аппаратымен 2 қызмет түрі көрсетіледі. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну-237, Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-57.

 

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша           2021 жылдың І жартыжылдығында өткізілген іс-шаралар

 

         Ақтау қаласы әкімінің 21.12.2020 жылғы № 47-ө «2021 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына» сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының саны – 3.

         Ішкі бақылау жұмыстары барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 41 кемшіліктер анықталды:

Бақылау шараларының нәтижелері бойынша берілген ұсынымдар саны – 18.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2021 жылдың                     І жартыжылдығында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы

 

         Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2021 жылдың І жартыжылдығында 33 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -530) өткізілді (кеңестер, дөңгелек үстелдер, ашық есік күні, БАҚ-на жарияланған  басылымдар, сұхбаттар және т.б).

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны - 7.

 

         Қазіргі таңда қала аумағында 39 (білім беру ұйымдарында-25, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығында-2, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10 және «Абай» МДК-1, Өмірзақ ауылы әкімдігінде-1) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр.

 

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет www.gov.kz  сайтында көрсетілген.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 июля 2021