Ақтау қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша
2021 жылдың 9 айы бойынша есебі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 30.06.2021 жылғы№ 229/НҚ(қолданысқа 08.07.2021 жылы енгізілді) қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкесАқтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 62.
2021 жылдың 9 айында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігімен және 9 мемлекеттік мекемелермен 56 мемлекеттік қызмет түрінен-70328 қызмет көрсетілді.
Оның ішінде Мемлекеттік органарқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны–1269, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорацияарқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені –6579, ХҚКО арқылы-25763, электрондық портал арқылы – 35642, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген саны - 1075 қызмет көрсетілді.
Бас тартылғандар саны – 5948, оның ішінде электрондық түрінде – 3617, қағаз түрінде - 2331.
Ақтау қаласының әкімдігіне қарасты Өмірзақ ауылы әкімінің аппаратымен 2 қызмет түрі көрсетіледі. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну-237, Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-93.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша 2021 жылдың 9 айында өткізілген іс-шаралар
Ақтау қаласы әкімінің 21.12.2020 жылғы № 47-ө «2021 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына» сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының саны – 6.
Ішкі бақылау жұмыстары барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 164 кемшіліктер анықталды:
Бақылау шараларының нәтижелері бойынша берілген ұсынымдар саны – 35.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2021 жылдың 9 айында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2021 жылдың 9 айында 64 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -894) өткізілді (кеңестер, дөңгелек үстелдер, ашық есік күні, БАҚ-на жарияланған басылымдар, сұхбаттар және т.б).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны - 13.
Қазіргі таңда қала аумағында 42 (білім беру ұйымдарында-25, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығында-2, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10 және «Абай» МДК-1, Өмірзақ ауылы әкімдігінде-1, Қалалық орталық кітапхана-1, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ғимараты-1, «Неке қию сарайы» ғимараты-1) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет www.gov.kz сайтында көрсетілген.