ЖОБА
«Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 38/425 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің 4 тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібіндегі:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.»;
Қалалық мәслихат хатшысы С. Зәкенов
«Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 38/425 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
|
№ р/н |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылған редакция |
Негіздеме |
|
|
||||
|
1 |
шешімнің 4 тармағы |
Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ы.Көшербай) жүктелсін. |
көрсетілген шешімнің 4 тармағы алынып тасталсын; |
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына және «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы бұйрығына сәйкес |
|
2 |
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібіндегі 11-тармақ |
11. Ауылдың жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бір пайызы (бір өкілден кем емес) негізінде айқындалады. |
«11. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.» |