Барлық деңгейдегі әкімдердің 2021 жылы есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

III тоқсаны бойынша жағдай

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2021 жылы есеп беру

кездесулерінің қорытындысы бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Іс - шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Орындауға жауапты

Ескертпелер

Ақтау қаласы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен

ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

 

1.                  

Өмірзақ ауылына қатынайтын №4, №4М маршруттарына автобустардың санын көбейту мәселесі

2021 жыл

I тоқсан

Н.Аққұлов

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Н.Қилыбай

Өмірзақ ауылын қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында №4 және №4М маршруттарында бір-бір автобустан қызмет атқарады. Аталған қоғамдық көліктері қарама-қарсы бағытта әрбір 40 минут сайын тұрақты түрде жүруде.

2.                  

Өмірзақ ауылының «Рауан» тұрғын массивін толық ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі

2021 жыл

III тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

«Рауан елді мекенін су және электр желісімен қамту» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме «Ернур Строй» ЖШС-гі. Қазіргі таңда, аталған инженерлік желілерді пайдаланушы мекеме теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде.

3.                  

Өмірзақ ауылы тұрғындарына балалар ойын алаңдарын салу мәселесі

2021 жыл

II тоқсан

Н.Қилыбай

2021 жылы Өмірзақ ауылына 2 ойын алаңын салу жоспарланған.

1). Рауан т/м «Халық басқаратын бюджет» бағдарламасымен 1 балалар ойын алаңы және 1 спорт алаңы салынып, пайдалануға берілді.

2). Демеуші есебінен Өмірзақ ауылына 1 балалар ойын алаңы салынды.

4.                  

Өмірзақ ауылының «Рауан» тұрғын массивіне автожол құрылысын бастау

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Н.Қилыбай

Өмірзақ ауылы «Рауан» тұрғын массивінің 12,5 шақырым автожол құрылысы басталды. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыру мақсатында «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 176,7 млн. теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын-үй массивінің 2 бағыттағы басты көшелеріне (4 км) асфальт жабындысы төселді және ішкі 12 көшесінің алғашқы қабаты (основание) дайындалып, оның 5 көшесіне асфальт жабындысы төселді.

5.                  

33 ш/а Аққу-3 (пәтерлер саны 670) көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылысын толық аяқтау

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

«Аққу-3» тұрғын-үй кешенінің №2 және №3 тағасының құрылысы аяқталып 443 пәтер тапсырылды. №1 тағасы 2022 жылдың I тоқсанына тапсыру жоспарлануда.

6.                  

18 ш/а төрт тұрғын үй (пәтерлер саны 180) құрылысын толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

18 ш/а 180 пәтерлі төрт тұрғын-үйдің құрылысы аяқталып, тапсырылды.

7.                  

Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында 34 ш/а 900 орындық, Шығыс-1 шағынауданынан 300 орындық мектептердің құрылысын толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

34 ш/а 900 орындық және Шығыс-1 ш/а 300 орындық мектептердің құрылысы аяқталып, тапсырылды.

8.                  

17 және 18 ш/а су, канализация, жылу желілері және абаттандыру нысанының құрылыстарын толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

17 ш/а және 18 ш/а ішкі инженерлік желілердің (су, канализация, жылу құбыры, автокөлік жолы, жаяу жүргіншілер жолы және абаттандыру) құрылыс жұмыстары аяқталды. Пайдаланушы мекеме теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде.

9.                  

16 ш/а газбен жабдықтау нысанының құрылысын бастау

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

16 ш/а сыртқы газ желісінің құрылысы аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Шағын ауданның ішкі газ желісі бойынша құрылысы басталды. Ағымдағы жылдың соңына дейін құрылысын аяқтау жоспарлануда.

10.              

Ақтау қаласын көгалдандыру мәселесі

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Қилыбай

2021 жылы жергілікті бюджеттен қаланың көгалдандыру жұмыстарына 890 млн.теңге қарастырылған. Мердігерлері - «Ақтау тұрғын үй» МКК,  «Ақбота» МКК мекемесі және «Соқырлардың Қазақ Қоғамының Ақтау оқу-өндіріс кәсіпорны» ЖШС.

Сондай-ақ, қала аумағына көктемгі сенбілік кезінде жаңадан 110 000 дана бұталар, 1 700 данадан астам ағаш, 600 дана раушан гүлдер және 70 000 дана бір жылдық гүлдер отырғызылды.

Қалада күнделікті 40 дана суару техникалары (водовоз) жұмыс жасап, рейсіне 306 м3, тәулігіне 4 рейстен су жасыл желектерге құйылып, 140 жұмысшы жұмылдырылды.

Ағымдағы жылы Ақтау әуежайы жолындағы Гелиос жанар-жағар  стансасынан бұрынғы ГАИ бекетіне дейінгі 7 км. аралықта суару құбыры жүргізіліп, жасыл желектер суарылды.

Қала аумағындағы барлығы 65 км. су құбырының,  жоспар бойынша 30 км. жөндеуден өтуі тиіс болатын. Қазіргі таңда 48 км. жөндеуден толықтай өтті, яғни жоспар артығымен орындалды.

Суару маусымы ағымдағы жылдың            01 қазанында аяқталды.

11.              

Қала бойынша жарықтандыру мәселесі

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

Қала аумағының орталық көшелеріндегі жарық бағаналарындағы шамдардың           1750 данасы жарық диодтық шамдарға ауыстырылды. Ағымдағы жылы қазан айының соңында толықтай аяқталады. Барлық ауыстырылатын жарық диодтық шамдар – 2000 дана.

12.              

Тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың автожолдарындағы жаяу жүргінші өтпелерін жарықтандыру мәселесі

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

Қала бойынша 157 жаяу жүргінші жолдарына ағымдағы жылы қазан айының соңында толықтай жарықтандыру бойынша жұмыстар аяқталады. Қазіргі таңда 137 жаяу жүргінші жолдарына 199 дана жарық бағаналары  1, 2, 3, 3а, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 19а, 25, 26, 27, 28, 28а, 29, 29а, 30, 31, 31а, 31б, 32а, 34, 34а, 35  шағынаудандарының асфальтты орталық жолдарына орнатылды.

13.              

Қала бойынша балалар ойын алаңдарын және спорт алаңын салу мәселесі

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Қилыбай

2021 жылы жергілікті бюджеттен қала бойынша 6 балалар ойын алаңына және 2 воркаут алаңдарының құрылыс жұмыстары жергілікті бюджеттен 70,5 млн.теңге қаралып, қазіргі таңда толығымен аяқталып, пайдалануға берілді (балалар ойын алаңдары 29-31, 33-19, 33-20, 33-21, Шығыс 2 - 379, 15 шағынаудан теңіз жағалауы).

Жыл басынан бері қала аумағында жаңадан 2 дана воркаут орнатылып, 26 балалар ойын алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күні қала тұрғындарына пайдалануға берілген.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы NCOC компаниясының қаражаты есебінен 5 шағынауданға 5, 8, 9, 13, 28 шағынаудандар толықтай абаттандыру жұмыстары аясында 63 дана балалар ойын алаңы және 24 дана спорт алаңы ағымдағы жылдың соңына дейін орнатылады.

14.              

Тобанияз Алниязұлының және Қашаған Күржіманұлының ескерткіштеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Қилыбай

«Тобанияз Алниязұлы» ескерткішін жаңарту жұмыстары бойынша ЖК «Байгазиев Кошер» 59 014 743 теңгеге келісім-шарт жасақталып, ескерткіші дайындалды. Аумағын абаттандыру жұмыстарына мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс өткізілді. Конкурс жеңімпазы «Компания Строй Инвест - 2020» ЖШС анықталып, 70 млн. теңгеге келісім-шарт жасақталды. Жұмыстар толықтай аяқталып, ескерткіші орнатылды.

«Қашаған Күржіманұлы» ескерткішіне демеушілік есебінен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

15.              

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту мәселесі

2021 жыл

II тоқсан

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

Кондоминиум нысанын басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту жөніндегі  нормативтік құқықтық акт қабылдау мақсатында, көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалану мерзімі мен сипатына қарай кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарналарды айқындауға арналған коэффициенттерді анықтауға, ағымдағы жылдың 25 мамырында №11 мемлекеттік сатып алу туралы шарттың негізінде «ASI SERVICE» жеке кәсіпкерімен « Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ-сі келісім шартқа отырып, Ақтау қаласы бойынша кондоминиум обьектісінің  ортақ мүлкін күтіп–ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерінің есебін» дайындалып, Ақтау қалалық мәслихатының шешім жобасы сараптамалық қорытындыға жіберілген болатын. Алайда Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасынан ескертпелер мен ұсыныстар берілді. Бүгінгі күні ескертпелер мен ұсыныстар бойынша шешім жобасына өзгерістер енгізіліп кері сараптама қорытындысына жіберілді. Оң нәтиже келгеннен кейін Әділет департаментіне жолданады.

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 октября 2021