ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№_______ «___»______2021 жыл
Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 17 ақпандағы №328 «Ақтау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының атауы келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын: «Ақтау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1 тармағы келесі мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ақтау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифі белгіленсін:
1) электрондық жол жүру картасы немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу кезінде:
ересектерге – 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 35 (отыз бес) теңге мөлшерінде;
2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:
ересектерге – 140 (жүз қырық) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға – 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |