Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтау қаласы                                      город Актау

 

 

 

 

 

Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші

жойылды деп тану туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІК:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. «Ақтау қалалық  мәслихатының    аппараты»    мемлекеттік   мекемесі (аппарат басшысы – Д.Телегенова) осы шешімнің Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде  мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

        

 

Маслихат хатшысы

 

                      С. Закенов

                                               

 

                                                                                             2021 жылғы __ шілдедегі

                                                                                             №_____

Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы __ шілдедегі  №_____ шешіміне қосымша                                                                              

 

 

Күші жойылды деп танылған Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің тізбесі

 

 

  1. 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/335 «Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы»(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2921 болып тіркелген);
  2. 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/380 «Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/335 «Ақтау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3028 болып тіркелген);
  3. 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 29/314 «Ақтау қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 35/335 «Ақтау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4098 болып тіркелген);   
  4. 2017 жылғы 3 қазандағы № 10/116 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3453 болып тіркелген);
  5. 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 22/246 «Қалалық мәслихаттың 2017 жылғы 3 қазандағы № 10/116 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қақидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3803 болып тіркелген);

 

 

 

Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
06 августа 2021