|
29.07.2021-ғы № 01-18-341 шығыс хаты 30.07.2021-ғы № 1196 кіріс хаты |
АҚТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «АҚТАУ ҚАЛАСЫНА КОММУНАЛДЫҚ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАУЛЫ ЖОБАСЫНА ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 16-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес «Ақтау қаласына коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекіту туралы» қаулы жобасы әзірленді.
Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 2-тармағы 16-тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну мен ақы төлеу тәртібін белгілейді.
Қаулы жобасы Ақтау қаласына коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту үшін қажет.
«Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ