29.07.2021-ғы № 01-18-341 шығыс хаты
30.07.2021-ғы № 1196 кіріс хаты
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№ 09-10/1296 «27» 07 2021 ж.
Ақтау қаласына коммуналдық
көрсетілетін қызметтерді
ұсынудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Ақтау қаласына коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидалары бекітілсін.
- «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (басшысы Б.Балиұлы) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары С. Гусманға жүктелсін.
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбай