Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №2/18 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

16.07.2021-ғы № 06-17-919 шығыс хаты

19.07.2021-ғы № 425-ВН кіріс хаты

         Ақтау қаласы                                                                                                         город Актау                                                                                                               

 

 

Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №2/18 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  Заңына және  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы       21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 29 маусымдағы №05-14/7653-И ақпараттық хат негізінде Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №2/18 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4501 болып тіркелген, 2021 жылғы 27 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

            Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және Ақтау қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

         1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

«1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын  мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы», 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» және 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11745 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.»;

13 тармақ келесі мәтінде жаңа редакцияда жазылсын:

«13. Әлеуметтік көмек туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық туберкулезге қарсы диспансері» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны берген тізімдерге сәйкес, амбулаториялық ем алу мерзіміне 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде емделу және қосымша тамақтандыруға көрсетіледі.»;

         19 тармақтың екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

         «Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдарында ашылған студенттердің жеке шоттарына жіберіледі.»;

44 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

«44. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде №60303 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.»;

көрсетілген Қағиданың 1, 2 және 3 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ы. Көшербай).
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

        

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі №2/18 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
19 июля 2021