Ақтау қалалық мәслихатының 2021 жылғы шешіміне 1 қосымша |
|
|
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1- қосымша
|
Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі
|
р/с № |
Күні |
Атаулы күндер және мереке күндері |
|
1 |
21-23 наурыз |
Наурыз мейрамы |
|
2 |
26 сәуір |
Чернобыль атом электр станциясындағы апатының құрбандарды еске алу халықаралық күні |
|
3 |
1 мамыр |
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі |
|
4 |
9 мамыр |
Жеңіс күні |
|
5 |
1 маусым |
Халықаралық балаларды қорғау күні |
|
6 |
29 тамыз |
Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні |
|
7 |
30 тамыз |
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні |
|
8 |
1 қазан |
Қарттар күні |
|
9 |
Қазан айының екінші жексенбісі |
Қазақстан Республикасының мүгедектер күні |
|
10 |
16 желтоқсан |
Тәуелсіздік күні |
|
|
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2- қосымша |
Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлері және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі
|
№ |
Атаулы күндер мен мереке күндері |
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары |
Әлеуметтік көмек мөлшері |
|
1 |
21-23 наурыз – Наурыз мейрамы |
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталғандар. |
2 айлық есептік көрсеткіш |
|
Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. |
5 айлық есептік көрсеткіш |
||
|
|
26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатының құрбандарын еске алу халықаралық күні |
Чернобыль АЭС-сындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары. |
60 айлық есептік көрсеткіш |
|
1986 – 1987 жылдары Чернобыль АЭС-сындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар |
50 айлық есептік көрсеткіш |
||
|
1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-сындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар |
20 айлық есептік көрсеткіш |
||
|
3 |
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі |
Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. |
5 айлық есептік көрсеткіш |
|
4 |
9 мамыр – Жеңіс күні |
Ұлы Отан соғысының ардагерлері. |
1 000 000 теңге |
|
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 6-бабының 2 тармақшасына сәйкес, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар (Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа). |
60 айлық есептік көрсеткіш |
||
|
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 6-бабының 1 тармақшасына сәйкес, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар (1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысушылардан басқа). |
50 айлық есептік көрсеткіш |
||
|
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар. |
40 айлық есептік көрсеткіш |
||
|
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы). |
40 айлық есептік көрсеткіш |
||
|
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңының 8-бабының 1 тармақшасына сәйкес, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары. |
40 айлық есептік көрсеткіш |
||
|
Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы). |
40 айлық есептік көрсеткіш |
||
|
5 |
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні |
Он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар. |
5 айлық есептік көрсеткіш |
|
6 |
29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні |
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен тұлғалар. |
10 айлық есептік көрсеткіш |
|
7 |
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балаларға). |
8 айлық есептік көрсеткіш |
|
8 |
1 қазан – Қарттар күні |
Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар. |
60 айлық есептік көрсеткіш |
|
Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын тұлғалар. |
36 айлық есептік көрсеткіш |
||
|
Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. |
5 айлық есептік көрсеткіш |
||
|
70 жастан асқан зейнеткерлер. |
2 айлық есептік көрсеткіш |
||
|
9 |
Қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні |
Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. |
5 айлық есептік көрсеткіш |
|
10
|
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні |
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын – сүргінге қолданған, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргіндер құрбандары. |
50 айлық есептік көрсеткіш |
|
Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар. |
5 айлық есептік көрсеткіш |
Ескерту:
Барлық топтағы мүгедектер, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерекесіне 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік көмек 2022 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
|
|
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 3- қосымша |
Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
|
р/с |
Алушылардың жекелеген санаттарының тізбесі |
Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері |
Әлеуметтік көмекке |
|
1 |
Өтініш берген тоқсан алдындағы Маңғыстау облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,5 еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар өмірлік қиын жағдайға ұшыраған адамдар |
40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын |
Бір рет |
|
2 |
Уәкілетті ұйымнан әлеуметтік төлем алмайтын, әлеуметтік маңызды аурулары бар: паллиативтік ем алуға мұқтаж онкологиялық науқастар, иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған тұлғаларға әлеуметтік көмек емделу мен қосымша тамақтандыруға – табыс есебінсіз |
26 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын |
Бір рет |
|
3 |
Туберкулездің әр түрлі түрлерімен ауыратын азаматтар
|
7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде |
амбулаториялық ем алу мерзіміне |
|
4 |
Адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырып алған балаларға |
Қазақстан Республикасы бойынша 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерінде |
Ай сайын |
|
5 |
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен тұлғалар – табыс есебінсіз |
50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын |
Бір рет, өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей |
|
6 |
Үйде оқитын 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар |
5 айлық есептік көрсеткіш |
Ай сайын |
|
7 |
Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орындарының интернатура студенттерінен және резидентура тыңдаушыларынан, сондай-ақ дәрігерлер еңбек әулеттерінің үшінші буындағы студенттерінен басқалар), мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп кешені, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорттың, бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникациялар мамандарымен қамтамасыз ету үшін, өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айға, Маңғыстау облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардан шыққан, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын студенттер, оның ішінде:
|
1.Оқу орындары көрсететін білім беру қызметінің ақысы мөлшерінде; 2. Шәкіртақы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; |
1. Бір рет;
2. Ай сайын; |
|
8 |
Өтініш берген уақыттың алдыңғы 12 айға Маңғыстау облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа отбасылық табысы бар, Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын мүгедек студенттер |
1.Оқу орындары көрсететін білім беру қызметінің ақысы мөлшерінде; 2. Шәкіртақы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; |
1. Бір рет;
2. Ай сайын; |
|
9. |
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жоғары оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне ақы төлеуге күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын дәрігерлер еңбек әулеттерінің үшінші буындағы студенттері – табысы есебінсіз |
1.Оқу орындары көрсететін білім беру қызметінің ақысы мөлшерінде; 2. Шәкіртақы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; |
1. Бір рет;
2. Ай сайын; |
|
10. |
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын («Стоматология» мамандығынан басқа) интернатура студенттері, резидентура тыңдаушылары – табысы есебінсіз, жасалған Арнайы шарт негізінде соц помощь |
1.Оқу орындары көрсететін білім беру қызметінің ақысы мөлшерінде; 2. Шәкіртақы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; |
1. Бір рет;
2. Ай сайын; |