Барлық деңгейдегі әкімдердің 2021 жылы есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2021 жылы есеп беру

кездесулерінің қорытындысы бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Іс - шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Орындауға жауапты

Ескертпелер

Ақтау қаласы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен

ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

 

1.                  

Өмірзақ ауылына қатынайтын №4, №4М маршруттарына автобустардың санын көбейту мәселесі

2021 жыл

I тоқсан

Н.Аққұлов

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Н.Қилыбай

Өмірзақ ауылын қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында №4 және №4М маршруттарында бір-бір автобустан қызмет атқарады. Бүгінгі таңда, №4М маршрутының тасымалдаушы мекемесін анықтау бойынша конкурсқа берілді. Конурс нәтижесі бойынша шілде айының соңында жеңімпаз анықталғанға дейін тасымалдаушы мекемемен №4М маршрутын жүргізу бойынша уақытша келісім-шарт жасақталып, шілде айының 7-нен бастап аталған маршрут іске қосылатын болады.

2.                  

Өмірзақ ауылының «Рауан» тұрғын массивін толық ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі

2021 жыл

III тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

«Рауан елді мекенін су және электр желісімен қамту» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме «Ернур Строй» ЖШС-гі. Қазіргі таңда, аталған инженерлік желілерді пайдаланушы мекеме теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде.

3.                  

Өмірзақ ауылы тұрғындарына балалар ойын алаңдарын салу мәселесі

2021 жыл

II тоқсан

Н.Қилыбай

2021 жылы Өмірзақ ауылына 2 ойын алаңын салу жоспарланған.

1). Рауан т/м «Халық басқаратын бюджет» бағдарламасымен 17,5 млн теңге бөлініп, спорт және ойын  алаңын салу бойынша конкурс ұйымдастырлып, жеңімпаз анықталды (ИП «Абулханова»). Құрылыс жұмыстары шілде айында басталады.

2). Демеуші есебінен Өмірзақ ауылына салынды.

4.                  

Өмірзақ ауылының «Рауан» тұрғын массивіне автожол құрылысын бастау

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Н.Қилыбай

Өмірзақ ауылы «Рауан» тұрғын массивінің 12,5 шақырым автожол құрылысы басталды. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыру мақсатында «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 176,7 млн. теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

5.                  

33 ш/а Аққу-3 (пәтерлер саны 670) көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылысын толық аяқтау

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

«Аққу-3» тұрғын-үй кешенінің №3 тағасы құрылысы аяқталды.

№2 тағасы шілде айында аяқталады. №1 таға жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда.

6.                  

18 ш/а төрт тұрғын үй (пәтерлер саны 180) құрылысын толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

18 ш/а төрт тұрғын-үйдің құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда, сыртқы тоқ көзіне қосылу жұмыстары жүргізілуде.

7.                  

Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында 34 ш/а 900 орындық, Шығыс-1 шағынауданынан 300 орындық мектептердің құрылысын толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

34 ш/а 900 орындық мектептің құрылсы аяқталып, құрылыс басқармасының теңгеріміне тапсыру жұмыстары жүргізілуде.

Шығыс-1 ш/а 300 орындық мектептің құрылысын аяқтау жоспар бойынша ағымдағы жылдың тамыз айы.

8.                  

17 және 18 ш/а су, канализация, жылу желілері және абаттандыру нысанының құрылыстарын толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

17 ш/а ішкі инженерлік желілердің (су, канализация, жылу құбыры, автокөлік жолы, жаяу жүргіншілер жолы және абаттандыру) құрылыс жұмыстары аяқталды. Пайдаланушы мекеме теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде. 18 ш/а инженерлік желілердің (су, канализация, жылу құбыры, автокөлік жолы, жаяу жүргіншілер жолы және абаттандыру) нысаны бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Қалғаны автокөлік жолының құрылысы. Қазіргі таңда, 70 пайызға орындалды.

9.                  

16 ш/а газбен жабдықтау нысанының құрылысын бастау

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

16 ш/а сыртқы газ желісінің құрылысы аяқталып, іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Шағын ауданның ішкі газ желісі бойынша мердігер                мекемені анықтауға конкурс жұмыстары жүргізілуде. Конкурстың қорытындысы шілде айының соңына дейін анықталады.

10.              

Ақтау қаласын көгалдандыру мәселесі

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Қилыбай

2021 жылы жергілікті бюджеттен қаланың көгалдандыру жұмыстарына 890 млн.теңге қаражат қарастырылған. Ағымдағы жылы көгалдандыру жұмыстары 3 сатыға бөліп жүргізілуде. Келісім-шарт жасақталды (Ақбота, Ақтау тұрғын үй МКК). Жұмыстар тұрақты бақылауда. Таңғы сағат 08:00-ден 11:00-ге дейін және 18:00-ден 24:00-ге дейін көшелердің периметрлерін суару жұмыстары жүргізілуде. Сквер және паркттер су құбырлары арқылы суарылуда. КСК-лармен бірлесіп кешкі уақытта шағынауданішілік суару жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қаланың негізгі периметрлері мен шағынауданішілік жасыл желектері 43 су тасымалдау көліктерімен күнделікті суарылуда.

11.              

Қала бойынша жарықтандыру мәселесі

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

Қала аумағының орталық көшелеріндегі жарық бағаналарындағы шамдардың           1389 данасы жарық диодтық шамдарға ауыстырылды. Ағымдағы жылдың тамыз айында толықтай аяқталады. Барлық ауыстырылатын жарық диодтық шамдар – 2000 дана.

12.              

Тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың автожолдарындағы жаяу жүргінші өтпелерін жарықтандыру мәселесі

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

Қала бойынша барлығы 175 жаяу жүргінші жолдарын ағымдағы жылдың тамыз айының соңында толықтай жарықтандыру бойынша жұмыстар аяқталады. Қазіргі таңда 92 жаяу жүргінші жолдарына 131 дана жарық бағаналары  1, 2, 3, 3а, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 26, 27, 28, 28а, 29, 29а шағынаудандарының асфальтты орталық жолдарына орнатылды.

13.              

Қала бойынша балалар ойын алаңдарын және спорт алаңын салу мәселесі

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Қилыбай

Қазіргі таңда 6 балалар ойын алаңын және 2 воркаут орнатуға мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс               өткізілді. Жеңімпаз анықталды («Алаш Констракшн», «Tabys Stroy» ЖШС). Жұмыстар шілде айында басталады.

Сонымен қатар, NCOC демеушілігі арқылы Ақтау қаласының 5,8,9,13,28 ш/а абаттандыру жұмыстары аясында 63 дана балалар ойын алаңы және 24 дана спорт алаңы ағымдағы жылдың соңына дейін орнатылады.

14.              

Тобанияз Алниязұлының және Қашаған Күржіманұлының ескерткіштеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Қилыбай

«Тобанияз Алниязұлы» ескерткішін жаңарту жұмыстары бойынша ЖК «Байгазиев Кошер» 59 014 743 теңгеге келісім-шарт жасақталып, ескерткіші дайындалды. Аумағын абаттандыру жұмыстарына мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс өткізілді. Бүгінгі күні конкурс шешіміне ішкі мемлекеттік аудит департаментінен ескерту хабарлама түсуіне байланысты конкурс тоқтатылды. Ескерту хабарлама бойынша прокуратура органдарына тиісті шағым жолданып, қорытындысы бойынша жою жөнінде ішкі мемлекеттік аудит департаментіне ұсыныс жолданды. Қорытындысы шыққаннан кейін келісім-шарт Қазынашылық органында тіркеліп, жұмыстар жасалатын болады.

«Қашаған Күржіманұлы» ескерткішінің аумағын абаттандыру жұмыстарының эскизі жасақталып, мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс құжаттары дайындалуда.

15.              

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту мәселесі

2021 жыл

II тоқсан

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

Кондоминиум нысанын басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту жөніндегі  нормативтік құқықтық акт қабылдау мақсатында, көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалану мерзімі мен сипатына қарай кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарналарды айқындауға арналған коэффициенттерді анықтауға, ағымдағы жылдың 25 мамырында              №11 мемлекеттік сатып алу туралы шарттың негізінде «ASI SERVICE» жеке кәсіпкерімен « Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ-сі келісім шартқа отырып, Ақтау қаласы бойынша кондоминиум обьектісінің  ортақ мүлкін күтіп–ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерінің есебін» дайындалды. Кезекті мәслихат сессиясына жолданды.

 

 

 

 

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2021 жылы есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Дата публикации
03 июля 2021