Ақтау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай
тарифті белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, сонымен қатар Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №29/315 «Жолаушыларды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифіне келісу туралы» шешімінің негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтау қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифі 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде белгіленсін.
- Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №841 «Ақтау қаласы бойынша қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2782 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 тамызда «Маңғыстау» газетінде жарияланған), 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №2203 «Ақтау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 шілдедегі №841 «Ақтау қаласы бойынша қалаішілік қоғамдық жолаушылар көлік бағыттарындағы жолақы тарифін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3253 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 қаңтарда «Маңғыстау» газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (басшы Ж. Құбашев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Д. Бегендіковке жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ақтау қаласының әкімі
|
|
Г. Ниязов
|