Тәжірибе алмасу

Ақтау қаласы әкімінің аппараты «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жауапты мамандардың тәжірибе алмасуы бойынша 2021 жылға арналған іс-шара  жоспарына» сәйкес ағымдағы жылдың 20-21 мамыр күндері Мемлекеттік корпорация №1,2 ХҚКО мамандарымен «Тұрғын үй көмегін тағайындау» және азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша семинар өткізді.

         Сонымен қатар, 24.05.2021 ж., Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің  мамандары Маңғыстау   облысы   ауыл  шаруашылығы  басқармасының мамандарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша тәжірибе алмасты.

         Ағымдағы жылдың 27 мамырында Ақтау қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің  мамандары Атырау қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мамандарымен  бейне-байланыс  арқылы  тәжірибе алмасты.

Дата публикации
04 июня 2021