ЖОБА
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ
Ақтау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 тамыздағы № 22/209 және Ақтау қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 14 тамыздағы № 928 «Ақтау қаласының 12 шағын ауданындағы шартты атауы «Фонтан» аталатын аумақты «Мемлекеттік рәсімдер алаңы» деп атау туралы» бірлескен шешім мен қаулыға өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», және «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешім мен қаулының кіріспе бөлігіндегі Маңғыстау облыстық филиалының қоғамдық бірлестігінің «Нұр Отан» партиясы» деген сөздер жаңа редакцияда «Маңғыстау облыстық филиалының қоғамдық бірлестігінің «Nur Otan» Партиясы» деген сөздермен жаңа редакцияда жазылсын.
осы бірлескен қаулының және шешімнің Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Қала әкімі Сессия Төрағасы
Н. Қилыбай
Мәслихат хатшысы
С. Закенов