ЖОБА
Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШТІК:
- Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №6/70 «Ақтау қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3260 болып тіркелген), 2019 жылғы 12 шілдедегі № 27/285 «Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/70 «Ақтау қаласының жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3969 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- « Ақтау қалалық мәслихатының аппараты » мемлекеттік мекемесі
(аппарат басшысы – Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының
әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б.Жүсіпов) жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қалалық мәслихат
хатшысы
Ш. Гусейнов С. Зәкенов