Ақтау қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 «Ақтау қаласы аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

                                                                                                       ЖОБА

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

 

№_____                                                                              «___» _______ 2021 жыл

 

 

 

 

 

Ақтау қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 «Ақтау қаласы аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі

 үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа

материалдарын орналастыру үшін орындар

 белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан  Республикасындағы сайлау туралы»  Конституциялық заңының 28 бабының              4, 6 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық  мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 12 наурыздағы №05-10/7183-И Заң бұзушылықты жою туралы ұсынысының  негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтау қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 «Ақтау қаласы аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

осы қаулының 1 қосымшасының 2 бағанындағы 4 және 5 тармақтары жаңа редакцияда келесі мазмұнда жазылсын:

«4. Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақтау қалалық Маңғыстау-Арена балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі, 33 шағынаудан.»;

«5. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, 5 шағынаудан.».

осы қаулының 2 қосымшасының 2 бағанындағы 2 және 4 тармақтары жаңа редакцияда келесі мазмұнда жазылсын:

«2. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында (тұғырлық), 5 шағынаудан.»;

«4. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында (тұғырлық),  8 шағынаудан.».

  1. «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Толегенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің  эталондық  бақылау  банкі мен  бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын    бақылау  Ақтау  қаласы    әкімінің    орынбасары Ә. Байпақовқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған  күннен қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Қала әкімі                                                                                     Н. Қилыбай

 

 

Дата публикации
03 июня 2021