Ақтау қаласының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы Елбасының тапсырмасы бойынша және ҚР ҰЭМ республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың стратегияларын әзірлеу жөніндегі әдістемеге сәйкес әзірленді.
Стратегияны әзірлеу ел дамуының ұзақ мерзімді пайымын айқындайтын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгейдегі стратегиялық құжаттарында: Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында, елдің 2030 жылға дейінгі аумақтық - кеңістіктік дамуының болжамды схемасында, сондай - ақ өзге де стратегиялық құжаттарда берілген мақсаттар ескеріле отырып жүзеге асырылды.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын талдау, демографиялық жағдайдың өзгеру болжамы негізінде және алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені зерделеуді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму құжаттарымен Үйлестірілген стратегиялық бағыттар мен бастамалар әзірленді.
Стратегияны барабар және сапалы әзірлеу, халықтың қажеттілігін есепке алу қажеттілігі, экологиялық жағдайды жақсарту және өмір сапасының стандарттарын арттыру мақсатында әлеуметтік сауалнамалар, фокус-топтар деңгейінде сараптамалық талқылау, қала активімен және үкіметтік емес ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жүргізілді.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде қаланы дамытудың стратегиялық бағыттары, оларға қол жеткізу жолдары мен тетіктері, Ақтау қаласының стейкхолдерлерінің үйлесімді көрінісі, қолда бар және алдағы сын - қатерлер мен оларға жоспарланған жауаптар туралы түсінік қалыптастырылды.