Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша
қаңтар айында өткізілген шаралар жөнінде ақпарат
Ақтау қаласының әкімдігі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тәртібін қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында қаңтар айында 5 шара өткізілді:
Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Қ. Нұрмамедова ағымдағы жылдың 26 қаңтарында жұмыс іздеушілерді және жұмыссыздарды тіркеу, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолдама беру саласы бойынша тікелей эфир арқылы түсінік беріп, қызмет алушылардың сұрақтарына жауап берді (тікелей эфир кезінде 150 адам қатысты).
https://www.instagram.com/tv/CKgXoNXBGAP/?igshid=1v4prowo59jzn
Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ағымдағы жылдың 29 қаңтарында қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру және электронды форматта қызмет алуға көшудің тиімділігі мен маңыздылығын түсіндіру бойынша «Ашық есік» күнін өткізді. Шара барысында сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді (15 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, брошюра таратылды).
Ақтау қалалық тұрғын үй инспекция бөлімі ағымдағы жылдың 25 қаңтарында мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібін түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерге ақпарат жариялады.
https://www.instagram.com/p/CKdOIYmMXjF/?igshid=qegriphb777p
https://www.facebook.com/100046350694760/posts/254696826085339/?d=n