Ақтау қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2021 жылдың І тоқсаны бойынша есебі

Ақтау қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша

2021 жылдың І тоқсаны бойынша есебі

 

         ҚазақстанРеспубликасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 31.01.2020 жылғы №39 (қолданысқа 22.02.2020 жылы енгізілді) қаулысымен және 17.10.2020 жылғы №390 НҚ (қолданысқа 21.10.2020 жылы енгізілді) қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер түрі – 61.

         2021 жылдың І тоқсанында қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігімен және 9 мемлекеттік мекемелермен 46 мемлекеттік қызмет түрінен-22305 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде Мемлекеттік органарқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны–1072, «электрондық  үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорацияарқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені –2459, ХҚКО арқылы-7979,  электрондық портал арқылы – 10795 қызмет көрсетілді.

         Бас тартылғандар саны – 2023, оның ішінде электрондық түрінде – 1017, қағаз түрінде - 1006.

         Ақтау қаласының әкімдігіне  қарасты  Өмірзақ ауылы әкімінің аппаратымен 2 қызмет түрі көрсетіледі. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну-235, Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-11.

 

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша           2021 жылдың І тоқсанында өткізілген іс-шаралар

 

         Ақтау қаласы әкімінің 21.12.2020 жылғы № 47-ө «2021 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына» сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының саны – 2.

         Ішкі бақылау жұмыстары барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 40 кемшіліктер анықталды:

Бақылау шараларының нәтижелері бойынша берілген ұсынымдар саны – 12.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2021 жылдың                     І тоқсанында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы

 

         Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2021 жылдың І тоқсанында 13 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -365) өткізілді (кеңестер, дөңгелек үстелдер, ашық есік күні, БАҚ-на жарияланған  басылымдар, сұхбаттар және т.б).

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны - 4.

 

         Қазіргі таңда қала аумағында 39 (білім беру ұйымдарында-25, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығында-2, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында-10 және «Абай» МДК-1, Өмірзақ ауылы әкімдігінде-1) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр.

 

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет www.gov.kz  сайтында көрсетілген.

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 апреля 2021