
ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№_____ «___» _______ 2021 жыл
Ақтау қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 «Ақтау қаласы аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі
үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа
материалдарын орналастыру үшін орындар
белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 12 наурыздағы №05-10/7183-И Заң бұзушылықты жою туралы ұсынысының негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
осы қаулының 1 қосымшасының 2 бағанындағы 4 және 5 тармақтары жаңа редакцияда келесі мазмұнда жазылсын:
«4. Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ақтау қалалық Маңғыстау-Арена балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 33 шағынаудан.»;
«5. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны, 5 шағынаудан.».
осы қаулының 2 қосымшасының 2 бағанындағы 2 және 4 тармақтары жаңа редакцияда келесі мазмұнда жазылсын:
«2. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында (тұғырлық), 5 шағынаудан.»;
«4. Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында (тұғырлық), 8 шағынаудан.».
|
|
|
|
Қала әкімі Н. Қилыбай