Барлық деңгейдегі әкімдердің 2021 жылы есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

I тоқсаны бойынша жағдай

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2021 жылы есеп беру

кездесулерінің қорытындысы бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Іс - шаралардың атауы

Орындалу мерзімі

Орындауға жауапты

Ескертпелер

 

Ақтау қаласы әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде түскен

ұсыныс-пікірлерін іске асыру шараларының жоспары

1.                  

Өмірзақ ауылына қатынайтын №4, №4М маршруттарына автобустардың санын көбейту мәселесі

2021 жыл

I тоқсан

Н.Аққұлов

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Н.Қилыбай

Өмірзақ ауылын қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында №4 және №4М маршруттарында бір-бір автобустан қызмет атқарды. Алайда, бүгінгі таңда №4М маршрутының бұрынғы тасымалдаушы мекемесімен келісім-шартты бұзу бойынша сот процесі жүргізілуде. Сот процесі аяқталғаннан кейін тасымалдаушы мекемені анықтау бойынша конкурсқа беріледі. Конурс нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталғаннан кейін №4М маршруты іске қосылатын болады. №4 маршруты 1 сағат интервалмен қызмет атқаруда.

2.                  

Өмірзақ ауылының «Рауан» тұрғын массивін толық ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі

2021 жыл

III тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

«Рауан елді мекенін су және электр желісімен қамту» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Мердігер мекеме «Ернур Строй» ЖШС-гі. Қазіргі таңда, аталған инженерлік желілерді пайдаланушы мекеме теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде.

3.                  

Өмірзақ ауылы тұрғындарына балалар ойын алаңдарын салу мәселесі

2021 жыл

II тоқсан

Н.Қилыбай

2021 жылы Өмірзақ ауылына 2 ойын алаңын салу жоспарланған. Біріншісі Рауан т/м бюджеттен 17,5 млн теңге бөлініп, спорт және ойын алаңын салу бойынша конкурс жұмыстары жүргізілуде.

Екіншісі демеуші есебінен Өмірзақ ауылына балалар ойын алаңын салу жұмыстарын бастау cәуір айына жоспарлануда.

4.                  

Өмірзақ ауылының «Рауан» тұрғын массивіне автожол құрылысын бастау

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Н.Қилыбай

Өмірзақ ауылы «Рауан» тұрғын массивінің 12,5 шақырым автожол құрылысы басталды. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын толық аяқтау үшін бюджетті нақтылауға 286 млн. теңгеге ұсыныс жолданды.

5.                  

33 ш/а Аққу-3 (пәтерлер саны 670) көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылысын толық аяқтау

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

«Аққу-3» тұрғын-үй кешенінің құрылысы бойынша жобаға түзету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, ішкі әрлеу, лифт қондырғылары, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі жоспар бойынша ағымдағы жылдың тамыз айы.

6.                  

18 ш/а төрт тұрғын үй (пәтерлер саны 180) құрылысын толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

18 ш/а төрт тұрғын-үйдің құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың II тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда, ішкі әрлеу, сылау жұмыстары, сонымен қатар инженерлік желілер көзіне қосылу жұмыстары жүргізілуде

7.                  

Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында 34 ш/а 900 орындық, Шығыс-1 шағынауданынан 300 орындық мектептердің құрылысын толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

34 ш/а 900 орындық мектептің абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Шығыс-1 ш/а 300 орындық мектептің ішкі әрлеу, сылау жұмыстары жүргізілуде.

8.                  

17 және 18 ш/а су, канализация, жылу желілері және абаттандыру нысанының құрылыстарын толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Сәулет, құрылыс және қалақұрылысы басқармасы

Н.Қилыбай

17 ш/а ішкі инженерлік желілердің (су, канализация, жылу құбыры, автокөлік жолы, жаяу жүргіншілер жолы және абаттандыру) құрылыс жұмыстары аяқталды. Пайдаланушы мекеме теңгеріміне беру жұмыстары жүргізілуде. 18 ш/а бойынша инженерлік желілердің (су, канализация, жылу құбыры, автокөлік жолы, жаяу жүргіншілер жолы және абаттандыру) құрылыс жұмыстары аяқталды, қазіргі таңда, автокөлік жолының құрылысы жүргізілуде.

9.                  

16 ш/а газбен жабдықтау нысанының құрылысын бастау

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

16 ш/а газ құрылысы бойынша мердігер мекемені анықтауға конкурс жұмыстары жүргізілуде.

10.              

Ақтау қаласын көгалдандыру мәселесі

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Қилыбай

2021 жылы жергілікті бюджеттен қаланың көгалдандыру жұмыстарына 890 млн.теңге қаражат қарастырылған. Ағымдағы жылы көгалдандыру жұмыстары 3 сатыға бөліп жүргізілуде. Келісім-шарт жасақталуда. Сондай-ақ бүгінгі күні қала аумағының орталық көшелеріне бұталар (кустарник) және 500-ден астам ағаштар отырғызылды.

11.              

Қала бойынша жарықтандыру мәселесі

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

Қала аумағының орталық көшелеріндегі жарық бағаналарындағы шамдардың           455 данасы жарық диодтық шамдарға ауыстырылды. Аталған жұмыстар                    I жартыжылдықта аяқталатын болады. Барлық ауыстырылатын жарық диодтық шамдар – 2000 дана.

12.              

Тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың автожолдарындағы жаяу жүргінші өтпелерін жарықтандыру мәселесі

2021 жыл

II тоқсан

Н.Аққұлов

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

Тұрғындардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргінші жолдарын жарықтандыру үшін қала бойынша барлығы 366 дана жарық бағанасы I жартыжылдықта толықтай қойылады. Қазіргі таңда 39 жаяу жүргінші жолдарына 39 дана жарық бағаналары  1, 2, 4, 6, 8, 9, 11, 12, 13, 14, 26, 27, 28а шағынаудандарына және Приморский т/м асфальтты орталық жолдарына орнатылды.

13.              

Қала бойынша балалар ойын алаңдарын және спорт алаңын салу мәселесі

2021 жыл

ІV тоқсан

Н.Қилыбай

Қазіргі таңда 6 балалар ойын алаңын және 2 воркаут орнатуға мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс өткізілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Аталған жұмыстарға 70 млн. теңге қаражат қаралған.

14.              

Тобанияз Алниязұлының және Қашаған Күржіманұлының ескерткіштеріне абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, толық аяқтау

2021 жыл

II тоқсан

Н.Қилыбай

«Тобанияз Алниязұлы» ескерткішін жаңарту жұмыстары бойынша ЖК «Байгазиев Кошер» 59 014 743 теңгеге келісім-шарт жасақталып, ескерткіші дайындалуда. Аумағын абаттандыру жұмыстарына мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс өткізілуде.

«Қашаған Күржіманұлы» ескерткішінің аумағын абаттандыру жұмыстарының эскизі жасақталып, мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс құжаттары дайындалуда.

15.              

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту мәселесі

2021 жыл

II тоқсан

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы

Н.Қилыбай

«Кондоминиум нысанын басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту» жөніндегі  нормативтік құқықтық акт қабылдау мақсатында, көп пәтерлі тұрғын үйді пайдалану мерзімі мен сипатына қарай кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарналарды айқындауға арналған коэффициенттерді анықтау керек. Қазіргі таңда Ақтау қаласында орналасқан көппәтерлі үйлердің пайдалану мерзімімен сипаттамаларын айқындау жұмыстары жүргізілуде. Осы аталған жұмыстар біткеннен кейін қаулы жобасы бекітілуге ұсынылатын болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық деңгейдегі әкімдердің 2021 жылы есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Дата публикации
08 апреля 2021