«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі, 2021 жылға арналған Ақтау қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орындарын белгілеу туралы қаулы

«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі, 2021 жылға арналған Ақтау қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орындарын белгілеу туралы қаулы жобасының күшіне енуіне байланысты сәуір айының 19-нан бастап сәуір айының 30-шы жұлдызын қоса алғанда    (10 жұмыс күні аралығында) сағат 09:30-12:00 және 14:30-18:00 аралығында жеміс-жидек, бау-бақша өнімдеріне (222 орын); балмұздақ, жүгері, алкоголсіз сусындарға (84 орын); квасқа (94 орын) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (өтініш, жеке куәлік көшірмесі, жеке кәсіпкерлікті куәландыратын куәлік көшірмесі, салық органында қарызы жоқ туралы анықтама) 4 шағын аудан, 72 ғимарат, Ақтау қаласы әкімдігінің 1 қабат «Қызмет көрсету орталығында» қабылдау өткізілетіндігін хабарлайды.

        

«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі

Ақтау қаласында кваспен сауданы жүзеге асыру үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Дата публикации
02 апреля 2021