«Ақтау қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттің атқарылуы бойынша секторының бас маманы

«Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы

 

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

 

 

            Е-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

Е-R-4

min

max

195 895

255 514

 

Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130000, Ақтау қ., 4 шағын аудан, № 72 ғимарат, 3-қабат, 315 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (7292) 33-65-13, тел/факс: 33-65-12, e-mail: nu.ibragimova@mangystau.gov.kz  «Б» корпусының  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс  жариялайды:

 

  1. «Ақтау қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттің атқарылуы бойынша секторының бас маманы (3 жасқа дейінгі бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орны 24.09.2023 жылға дейін), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлім басшысы,  ол болмаған кезде  оны ауыстыратын адамның бұйрықтары мен нұсқаулықтарын уақытында орындау; жыл сайын есепті  жылға, есепті қаржы  жылынан кейінгі жылдың 20-шы қаңтарынан кешіктірмей өткен қаржы жылында бөлінген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органның шешімімен даму трансфеттерінің нысаналы пайдаланылуы туралы  ақпарат дайындайды; қаржыландыру жоспарларының орындамау себептеріне байланысты, қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерге жылдық сомманың ай сайынғы бөлінуіне талдау жасау және бағалау; бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін мемлекеттік қаржыландыру жоспарларына негіздеумен қамтамасыз ету; бірыңғай бюджеттік классификацияның тиісті кодтарына сәйкес қалалық бюджет кірістеріне әзірлеу үшін мақсатты ағымдағы трансферттерді және даму трансферттерінің түсілімін уақтылы бақылау; мемлекеттік мекемелердің еңбекақысын уақтылы төлеу және басым шығындар үшін бюджетті орындау процесін бақылау; қалалық бюджеттің атқарылуы туралы айлық (жылдық) есептерді талдау, оларға түсіндірме жазбалар жасау; жоғары тұрған орган бюджетінен бөлінген мақсатты трансферттер төменгі тұрған орган бюджетіне, жергілікті атқарушы орган мен бюджеттік бағдарлама әкімшілері арасында уақтылы келісім жасалуын бақылау; тиісті мемлекеттік органның ұсынған өтініші негізінде жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындар резервтерінде көзделген шектерде ақша бөлу мүмкіндігін немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді; бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері нақтылау және орындау туралы ақпаратты уақтылы ұсынуға бақылау жүргізу; қаланың мемлекеттік мекемелерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын қарауға және келісуге қатысу; бюджеттің орындалуы туралы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің тоқсандық (жылдық) есептерін тексеру; тиісті жылға арналған бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар әзірлеуге және қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістердің негізділігін талдауға қатысады; күнделікті бюджет қаражатының игерілуі және трансферттер мен кредиттердің түсімдері туралы ақпаратты қаржы бөлімінің басшысына және жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жедел ұсыну;  Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының өзгеруіне үнемі мониторинг жүргізу және бұл туралы қаржы бөлімінің қызметкерлеріне дереу хабарлау; жоғары тұрған ұйымдарға және басшыға материалдарды,анықтамалар және ақпараттар дайындауда қатысу;  жоғары бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттерді жүзеге асыру туралы есеп құру; жоғары тұрған орган бюджетінен бөлінген мақсатты трансферттер төменгі тұрған орган бюджетіне, жергілікті атқарушы орган мен бюджеттік бағдарлама әкімшілері арасында уақтылы келісім жасалуын бақылау; жыл сайынғы және ай сайынғы тағайындаулардағы өзгерістер туралы куәліктер негізінде бағдарламаларды (кіші бағдарламалардың) бюджетін орындаудың белгіленген тәртібіне сәйкес жасалған өзгерістерді есепке алу, түсініктеме жасау; бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есеп беру күндерінде желілерде, штаттар мен контингенттерде орындалатын теңгерімдегі бақылау құрылғылары мен баланстағы автомобильдерін ұстауға арналған шығындар, олардың бөлінген лимиттерге сәйкестігі туралы есептерді қарау және талдау; бюджеттік бағдарламалар әкімшілері нақтылау және орындау туралы ақпаратты уақтылы ұсынуға бақылау жүргізу; жергілікті бюджетті және басқа да есептерді орындау туралы ай сайынғы және жылдық есептерді жоғары тұрған органдарға түсіндірме жазбалармен қамтамасыз ету; бөлімнің  құжаттары мен нұсқауларын орындау, оларды уақтылы және сапалы орындауға бағытталған жедел шаралар қабылдау; Маңғыстау облысының қаржы басқармасының және жергілікті өкілеттік және атқарушы органдардың орталықтандырылған міндеттерін уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;  қалалық бюджеттің орындалуы туралы  аналитикалық жазбаларды және презентациялық материалдарды дайындау; Ақтау қаласы бюджетінің орындалуы туралы ақпаратты «Ашық бюджеттер» интернет-порталында орналастыру, жаңарту және бюджет шығыстары, қол жеткізілген түпкілікті нәтижелердің мақсаттары туралы ақпаратты мерзімді жаңартып тұру; бұқаралық ақпарат құралдарында жұртшылық үшін қол жетімді нысанда жарияланған жергілікті бюджеттің орындалуы туралы жұртшылықты хабардар ету мақсатында Азаматтық бюджетті қалыптастыру және ұсыну; тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізуді жүзеге асыру; жүргізілген және жоспарланған ашық конкурстар туралы апта сайынғы жиынтық ақпаратты жинау; шағын және орта бизнес кәсіпорындарынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ай сайынғы ақпаратты дайындау;  тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамту көлемі туралы тоқсан сайын ақпаратты дайындау;  бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдері негізінде мекемелерге кодтар беруге Қазынашылыққа өтінім даярлау; жұмыстардың бекітілген номенклатурасына сәйкес ведомстволық құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету және бақылау; бөлім басшысының бөлек тапсырмаларын орындау, қажет болған жағдайда қалалық қаржы бөлімінің басқа функцияларына байланысты басқа да жұмыстарға қатысу. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес  (экономика, қаржы, есеп және аудит).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі - Қызмет көрсету, экономика және басқару (қаржы, есеп және аудит, экономика).

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

 1) Өтініш;

 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ақтау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 92-тармағына сәйкес А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Шағым жасау тәртiбi. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

 

                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

      __________________________
(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

Мені _____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

 

_________                                       ___________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

  «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

 

 

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

 КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 



_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения



5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками



7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения







 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________
күні / дата

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

Дата публикации
01 апреля 2021