Маңғыстау облысы Ақтау қаласының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының кейбір қаулыларының күші  жойылды деп тану туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы    Ақтау    қаласының  келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
  • 2016 жылғы 27 қыркүйектегі  № 1751 «Мемлекеттік  мектепке дейінгі

білім беру ұйымдары  тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  № 3163  болып тіркелген, 2016 жылғы                         1 қарашада «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған);

         2) 2019 жылғы 24 шілдедегі № 1715 «Ақтау қаласының әкімдігінің                  2016 жылғы 27 қыркүйектегі  № 1751 «Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3956 болып тіркелген, 2019 жылғы   1 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде  жарияланған)  қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

  1. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Тулебаева)  осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары  Ә.Ж.Байпақовқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

           Ақтау қаласының  әкімі

                         Н. Қилыбай

 

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Дата публикации
18 марта 2021