«Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тілдерді дамыту жөніндегі бас маманы, Е-R-4 санаты,

«Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тілдерді дамыту жөніндегі бас маманы, Е-R-4 санаты,   1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері: Тілдерді дамыту ісіне байланысты жұмыс кешенін орындау;  жылдық статистикалық есептерді жасақтау және тапсыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; тілдерді дамыту мәселелері бойынша бөлімнің жылдық жұмыс жоспарын жасақтау; бөлімнің тіл мәселесі бойынша атқарған жұмыстарының жартыжылдық және жылдық есептерін дайындап жоғарғы органдарға тапсыру; қала аумағында өткізілетін қоғамдық-саяси және атаулы мерекелердің, тілге байланысты шаралардың өткізілуіне атсалысу; бөлімнің ағымдағы жұмысына қатысу, атаулы мерекелік шараларды ұйымдастыру және өткізуге ат салысу;   атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараттық материалдарды дайындау; «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының, «2020-2025 жылдарға арналған тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасының» орындалысы жөніндегі сараптамалық материалдар дайындау, жүзеге асыру;  сыртқы мекемелермен өз құзыретінде қарым-қатынасты қамтамасыз етуге; өзіне жүктелген міндеттерін уақытылы және сапалы орындау; тіл жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын дайындау; қала аумағындағы сыртқы жарнамалардың, көрнекі ақпараттардың, кәсіпкерлік нысандар маңдайшаларының, т.с.с. мәтіндердің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізу; тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, тілдердің даму проблемалары жайлы мақалалар және хабарлар дайындау, тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар «дөңгелек үстел» конференциялар өткізу және әдістемелік нұсқаулар дайындау; мемлекеттік тілді, аймақта тұрып жатқан басқа да этностардың тілдерін насихаттау бойынша конкурстар,  достық фестивальдерін, түрлі шаралар өткізу;

мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қадағалау;  мекемелердегі құжатайналымға мониторинг, тоқсан сайын басқармаға есебін тапсыру; мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін анықтау және үлесін арттыруға жұмыстану; бөлімге келіп түскен хаттарды және бақылау хаттарды қолданысқа сәйкес уақытында орындау және бөлім басшысы берген басқа да тапсырмаларды орындау.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім – Білім. Гуманитарлық ғылымдар (шығыстану, теология, шетел филологияы, тарих, мәдениеттану, филология). Қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс). Құқық (құқықтану). Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару, журналистика, қоғамдық байланыс).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі – Құқық (құқықтану). Қызмет көрсету, экономика және басқару (әлеуметтік жұмыс, экономика).

                       

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

 Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

 1) Өтініш;

 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ақтау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Шағым жасау тәртiбi Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

Дата публикации
10 марта 2021