«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
Е-4 санаты үшін:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
Е-4 |
min |
max |
|
145 582 |
189 888 |
|
Маңғыстау облысы «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі, 130000, Ақтау қ., 4 шағын аудан, № 72 ғимарат, 3-қабат, 315 бөлме, анықтама алу телефондары:8 (7292) 33-65-13, тел/факс: 33-65-12, e-mail: nu.ibragimova@mangystau.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: ҚР Президентінің саясатын жүргізудегі іс-шараларды ұйымдастырады; қала әкімінің төрағалығымен өтетін аппараттық, жедел, селекторлық мәжілістер, комиссиялар, коллегияларының, қала активінің тұрғындармен кездесулерін және басқа да мәжілістердің күн тәртібін, жүргізу тәртібін жасақтау; әкімнің қатысуымен өткізілетін барлық жиналыстарды және мерекелік шараларды өткізуді ұйымдастыру; қала әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістердің хаттамасын жасақтап тиісті жауапты қала әкімінің орынбасарларына, мемлекеттік мекеме мен коммуналдық кәсіпорын басшыларына орындау үшін жолдайды; облыс және қала әкімінің төрағалығымен өткен мәжілістер хаттамаларының орындалысын бақылау және орындалуы туралы нақты мәліметтер мен анықтамалардың және бақылаудан алу үшін негіздемелердің уақытылы берілуін қамтамасыз ету; қала әкімдігінің орындаған жұмыстарына мониторинг жасау; бірінші кезекте атқарылатын іс-шаралар жоспары орындалысының қорытындысы бойынша БАҚ жариялауды жүзеге асыру; заңдардың, жарлықтардың және жоғары тұрған органдардың басқа да нормативтік құжаттарының, жетекшілік жасайтын мәселелері бойынша қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасап, оларды жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеу; қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарға ұйымдастыру жұмыстары бойынша әдістемелік және тәжирибелік көмек жасайды; қалалық мәслихатының аппаратымен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларын, Қоғамдық кеңес отырысын бірге ұйымдастырады; қала аумағында өтетін барлық саяси, мәдени-көпшілік, мерекелік, қоғамдық, қайрымдылық шараларға қатысып, өткізілуін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Білім. Гуманитарлық ғылымдар. Құқық. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Техникалық ғылымдар және технологиялар. Қызмет көрсету.
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі- Құқық. Қызмет көрсету, экономика және басқару. Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру. Мұнай газ және химия өндірісі. Металлургия және машина жасау.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ақтау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Шағым жасау тәртiбi Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.