«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ауыл шаруашылығы бойынша бас маманы

«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  ауыл шаруашылығы бойынша бас маманы (3 жасқа дейінгі бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орны  11.11.2023 жылға дейін), Е-R-4 санаты,   1 бірлік.

              Функционалдық міндеттері: Қала ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарды жүргізеді;  өсімдік шаруашылығы туралы атқарылатын іс - шараларға талдау жасау; тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол құрылыс машиналары мен механизмдерін жүргізуге емтихан қабылдау және жүргізуші куәлігін беру. Ауыл шаруашылығы саласындағы қызметпен айналысатын жеке және заңды жеке тұлғаларға әдістемелік басшылық жасап және олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол құрылыс машиналарын механизмдерін, сондай - ақ өткізгіштігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу; емтихандар қабылдау, куәліктер беріп, аттестациядан өткізу, әкімшілік шаралар алу жұмыстарын Қазақстан Республикасының заң шеңберінде жүзеге асыру; жан жануарлардан алынатын азық – түлік және шикізат өнімдерінің қауіпсіздігін бақылайды, жеке және және заңды тұлғалардағы үй жануарларының есебін жүргізеді; тыңайтқыштар (органикалықтарды) құнын субсидиялау; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің уақытылы жеткізілуін қадағалау;  басым дақылдар өңдіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағар май материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық - материалдық құндылықтарын құнын анықтау жұмыстарын жүргізу; ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын анықтау жұмыстарын атқару; өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын есептеу жұмыстарын жүргізу; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыру жұмыстарын атқару; ауыл шаруашылығы бойынша статистикалық деректемелерге (инвестиция) алдын ала талдау жасау;  ауыл шаруашылығы бойынша статистикалық деректемелердің (есептіліктердің) мерзімінен кешіктірілмей өткізілуін қадағалау; агро азық-түлік белдеуін құру бойынша тұжырымдаманы толығымен зерделеп, ауыл шаруашылығы тауар өңдірушілермен бірлесіп семинарлар өткізу. Ауыл шаруашылығымен айналысып жатқан кәсіпорындарға инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жолдарын қарастырып, құзырлы органдарға ұсыныс жолдау; ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламалар беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

            Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару). Құқық (құқықтану). Ауыл шаруашылық ғылымдар  (агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы,  аңшылықтану  және   аң шаруашылығы, аграрлық техника және технология). Техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология).  Ветеринария (ветеринарлық медицина).

Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі - Құқық (құқықтану). Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология (агрономия, ветеринария).

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

 Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

 1) Өтініш;

 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ақтау қаласы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Шағым жасау тәртiбi Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

                                                                                           

Дата публикации
17 февраля 2021