ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ШЕШІМ
№ _____ «____» __________ 2021жыл
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы
10 желтоқсандағы №29/439 «Ақтау қаласы мен
Өмірзақ ауылының аумағында иттер мен мысықтарды
асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен
мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы»
шешемінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, Маңғыстау облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №29/439 «Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидалары туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2941 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2016 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- «Маңғыстау облыстық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Дауылбаев А.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет- ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімі Н. Қилыбайға жүктелсін.
- Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы
Н. Тумышев