Ақтау қаласында жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы

Ақтау қаласында жерді аймақтарға

бөлу жобасын (схемасын) бекіту

туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне  және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес қалалық маслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
  2. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы – Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамысыз етсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Жүсіпов).
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Сессия төрағасы

 

         Мәслихат хатшысы  

 

 

Дата публикации
15 февраля 2021