ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
№_______ «___»______2020 жыл
Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі №807 «Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 263 «Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс - көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 3 тамыздағы №05-10-1299 ақпараттық хатының негізінде Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі №807 «Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 263 «Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс - көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2162 болып тіркелген, 2012 жылдың 5 қарашада «Маңғыстау» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Толегенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары С. Гусманға жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Н. Қилыбай