«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы  

13 тұжырымдамалық түзетуден тұратын 75 НҚА

ØМүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияның нормаларын имплементациялау мақсатында «мүгедек» ұғымын «мүгедектігі бар адамға» ауыстыру бөлігінде кемсітушілік терминологияны өзгерту, БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі Арнайы баяндамашысының мүгедектерге қатысты кемсітушілік тұжырымдамаларды жою жөніндегі ұсынымдамаларын орындау.

Ø  Мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – МБА) әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қабылдау (жаңа жәрдемақы енгізу, балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу, тұрғын үй алуда кезектілікті сақтау және т.б.).

ØӘлеуметтік қызметтер порталына:

-ыңғайлы мобильді қосымшалар арқылы такси қызметіне (Yandex, InDriver, Bolt және т.б.) МБА таңдау құқығын беретін «инватакси» қызметтерін ұсыну. Бұл халықты тасымалдаумен айналысатын агрегаторлар арасында адал бәсекелестікті арттырады, шығындарды өтеу 2023 жылдан бастап ЖАО қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін болады;

-

-кепілдік берілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету, 20 млрд. теңгеге жуық сомаға аз қамтылған отбасылардан шыққан 250 мыңнан астам бала қамтылады;

- стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау және уақытша болу жағдайларында өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтерін алуға құжаттарды ресімдеуді аудару.

Дата публикации
10 февраля 2021