Ақтау қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2020 жылдың есебі

Ақтау қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша

2020 жылдың есебі

 

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 31.01.2020 жылғы №39 (қолданысқа 22.02.2020 жылы енгізілді) қаулысымен және 17.10.2020 жылғы №390 НҚ (қолданысқа 21.10.2020 жылы енгізілді) қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтау қаласының әкімдігімен көрсетілуі тиіс қызметтер   түрі – 83.

         2020 жылы қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызмет көрсететін Өмірзақ ауылы әкімдігімен және 10 мемлекеттік мекемелермен 69 мемлекеттік қызмет түрінен - 95628 қызмет көрсетілді.

Оның ішінде Мемлекеттік орган арқылы (ведомстволық бағыныстағы мекемеде) қағаз түрінде көрсетілген қызметтің саны–2303, «электрондық  үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік орган арқылы көрсетілгені –33949, ХҚКО арқылы-  22162,  электрондық портал арқылы – 37214 қызмет көрсетілді.

         Бас тартылғандар саны – 5146, оның ішінде электрондық түрінде – 3148, қағаз түрінде - 1998.

         Ақтау қаласының әкімдігіне  қарасты  Өмірзақ ауылы әкімінің аппаратымен 2 қызмет түрі көрсетіледі. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну-2, Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-22.

 

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша           2020 жылы өткізілген іс-шаралар

 

         Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 84-ө өкімі және 2020 жылғы 09 қыркүйегіндегі № 38-ө өкімімен бекітілген «2020 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарына» сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының саны – 20.

         Ішкі бақылау жұмыстары барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 143 кемшіліктер анықталды:

          Бақылау шараларының нәтижелері бойынша берілген ұсынымдар саны – 85.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2020 жылы өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы

 

         Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың тиімділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қала тұрғындарына 2020 жылы 64 түсіндіру іс-шарасы (қатысушылар саны -7620) өткізілді (кеңестер, дөңгелек үстелдер, ашық есік күні, БАҚ-на жарияланған  басылымдар, сұхбаттар және т.б).

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлердің саны - 8.

 

         Қазіргі таңда қала аумағында 29 (25 білім беру ұйымдарында, Ақтау қаласы әкімдігінің сервис орталығында, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында және «Абай» МДК, Өмірзақ ауылы әкімдігінде) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр.

 

2020 жылы бекітілген арнайы жоспарға сәйкес  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша Орал қаласының әкімдігі мен Маңғыстау облыстық департамент, басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері арасында жауапты мамандар тәжірибе алмасты.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық мәлімет www.gov.kz  сайтында көрсетілген.

 

        

 

Дата публикации
05 января 2021