ЖОБА
Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 «Ақтау
қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
- «Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3827 болып тіркелген, 2019 жылдың 4 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
- Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 29 мамырдағы №2 «Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 «Ақтау қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» қаулысына өзгерістеренгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3922 болып тіркелген, 2019 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- «Ақтау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Хадиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Г. Алдашеваға жүктелсін.
- Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қала әкімі Ғ.Ниязов